Өлкетану

Катонқарағай ауданы

Катонқарағай ауданыКатонқарағай ауданы 1923 жылы құрылған. Ауданның әкімшілік орталығы – Үлкен Нарын ауылы. 13167 километр квадратты құрайды. Аудан аумағы 13 ауылдық округтерге бөлінген, 54 тұрғылықты пункттерден тұрады.
Ауданның әлеуметтік саласын 54 жалпы білім беру мектептері, 1 лицей, 2 балабақша, 1 музыкалық мектеп, АКТМ – 22 мекемелері құрайды. Үлкен Нарын ауылында аудандық орталық аурухана, Катонқарағай ауылындағы нөмерлік аудандық аурухана, 7 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 40 фельдшерлік – акушерлік пункттері қызмет етеді. Тұрғындарға мәдени ақпараттық қызмет көрсету саласында 8 мәдениет үйі, 12 клуб, 1 ауылдық кітапхана, 14 ауылдық кітапхана және 1 модельдік балалар кітапханасы жұмыс жасауда. Барлығы 16 кітапхана бар.
Ауданның ландшафтысы әртүрлілігімен ерекшеленеді: мұнда дала мен биік таулар, Альпілік шалғындар мен қалың ормандар ғажайып үйлесім тапқан. Ауданның көркі мен сәніне айналған биіктігі – 4506 метрден тұратын Мұзтаудың бауырында «Рахман қайнарлары» санаториясы орналасқан, бұл қайнар бастауларының бірегей құрамы өте жоғары және емдік қасиеті баршаға белгілі.
Ауданның аумағында таулы өзендердің көптеген арналары ағып өтеді. Үлкен өзендер – Бұқтырма мен Нарын, 1968 жылы салынған Бұқтырма су қоймасына келіп қосылады. Бұл су қоймасының өзендері мен кішкентай көлдерінде құнды балық тұқымдары: сазан, көксерке, хариус, шортан, аққайнар, репус және басқалар мекендейді. Және аралас ормандарда аңдардың алуан түрлері: қоңыр аю,  қасқырлар, түлкі, бұлғын, құндыз, борсық, елік, марал, тау ешкісі, күдір, сусар, камшат, тиін т.б аңдар мекендейді. Аудан негізінен ауылшаруашылықпен айналысады. 578 шаруа қожалығы құрылған.

Шығыс Қазақстандағы Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

Алтай тауларының көп бөлігін алшып жатқан Шығыс Қазақстанда туризімді дамытуға зор мүмкіндік бар. Шөл даладан бастап ну орман алқаптары, биік шындардағы альпы шалғындары  мен мұздықтарға дейін созылған ланшафтты-климаттық аймақтарын біртұтас жиынтығы. Мұнда Сібір мен Алтайдың ең биік шыңы-қасиетті Мұзтау тауы бар (4506 м). Мұзтауға апаратын ең қысқа жол Түнгір ауылынан бастап, Катунның оң жақ сағасымен, одан кейін Аккем өзенімен жоғары (немесе Қөшірлі ауылы арқылы 1513 метрлік жалғызаяқ жолмен, Аккем өзеніне дейін). Аккем өзенінен Төменгі Аккем өзеніне дейін шамамен 30 шақырым. Мұзтау тауы екі биіктіктен тұрады, олар дұрыс емес пирамидалар: Шығыс Мұзтау (4506 м.) және Батыс Мұзтау (4435 м.). Солтүстікке-Аккем мұздығына қарай күрт аяқталады және оңтүстікке – Катун мұздығына біртіндеп төмендейді. Мұзтау жер бедері (жер қыртысының биікше колген учаскілері) ерте төрттік дәуіріне (1,5 млн. жыл бұрын) жатады.
Мұзтау тауы – Таулы Алтайдың негізгі мұздықты орталығының бірі болып есептеледі.  Мұзтаумен жалғасып жатқан өзен бассейіндерінде жалпы көлемі 146 шаршы километрді құрайтын 162 мұздық бар. Олардың бастылары – Аккем (Родэевич), Едігем өзенінің бастауларындағы Сапожников, Үлкен Берел, Катун (Геблер), Рассыпная өзеніне құятын Кара, ағайынды Троновтар. Бұл биіктерге тек көп уақыт еңбектеніп , дайындалған туристер ғана шығуы мүмкін, ал оның етегіне барып қайту әркімнің қолынан келеді. Мұзтаудың атауы таудың басынан аяғына дейін мәнгі қалың қардан басып жатқандықтан аталған болар.
Алтайлықтар Мұзтауды «Құдайдың мекені», «Ұлы қария» деп еркелетіп айтады. Ал Н.К. Рерихтің пікірінше бұл тау туралы тіпті «шөлдер де сыбырласады», дейді. Бұл қосбасты жарқырағаң ұлылықты өз көздерімен қызықтаған саяхатшылар, оның сөзжетпес сұлұлығын, күнбатыстағы ғажайып түстерінің ауысуын, аспанға жақындығын, жұлдыздардың жымындасуын ешбір жермен салыстыруға келмейтіндігін таңдана айтады.

Берел қорымы

Орналасуы: Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Бұқтырма өзенінің жағасындағы жазық, берел Қорымы Қазақстанда тендесі жоқ бірегей археологиялық ескерткіш (III-IV ғ.). Мұнда барлығы 30 қорған тізбектеле орналасқан.
1998 жылы Берел қорымында қазба жұмыстарын жүргізген Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігінің Ә.Х. Марғұлан атындағы археологиялық институты мен бірлесе Францияның Ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы мен Венециядағы (Италия) Легабус атындағы қордың ғылыми-зерттеу орталығының ғалымдары мен археологтары әлемдік деңгейдегі жаңалық ашты. Мұнда теңіз деңгейінен 1200 ментр биіктікте орналасқан Бұқтырма өзенінің жазық даласында б.з.б. IV ғғ. Жерленген сақ патшасының мәйіті табылды. Мұнда көптеген құнды заттар мен әшекейлер, өргектелген ағаш бұйымдар, киіз бен жүннен жасалған қолөнер жәдігерлері, ер-тоқыммен бірге жерленген 13 жылқының мүрделері, көптеген қажетті әр түрлі заттары бар патшаның қабірханасы бар. Көптеген заттар алғашында алтын фольгамен қапталғандығы анықталды. Жылқылардың ер-тұрман әбзелдері алтынмен қапталған ұзын мүйіздермен әшекейленген. Табылған жәдігерлер, соның ішінде органикалық материалдар, киімдер мен тұрмыста қажетті заттар өте жақсы сақталынған, өйткені ежелгі көшпелілер жергілікті табиғи-климаттық жағдайларды жөнімен пайдалана отырып, мәңгі тоң басқан мұздықтарды қолдан жасай білді. Бұл факт «мәнгі тонның астында феноменін» қалыптастырды.

«Рахман қайнары»

«Рахман қайнары»Орналасуы: ШҚО, Катонқарағай әкімшілік ауданына қарасты рахман қайнарлары ауылының солтүстік-шысыс жағындағы Рахман өзенінң су қоймасы. Рахман минералды су көздері Арасан өзенінің оң жақ жазығының солтүстік-шығыс жағалауында ғажап сұлулығымен белгілі Рахман өзенінің (көлемі-1,14 кв.м.) су қоймасында орналасқан. Мұнда жағадан 80-100 м. қашықтықта кішігірім тасты төбешіктің үстіндегі алаңның (100*150 м.) үстінде «Рахман қайнарлары» шипажайының ғимараттары орналасқан. Термалды су көздері алаңның солтүстік жағындағы гранитті жарықтардың арасынан жарып шығып шығыстан-батысқа қарай бір сызықтық бойымен ағып жатыр, ұзындығы 80 метр. Мұндағы шипажайдың негізгі емдеу факторы гидрокарбонатты-кальцилік аз минералданған (0,19 г/л) жер асты су көздері болып табылады. Рахман сулары түссіз, ешқандай дәмі жоқ, ішуге дәмді. Тарижи мәліметтерге сүйенсек, Рахман қайнарларының орнында буддалардың табыну орнының қалдықтары табылған.   

 

 

 

Парақтар өзгертілді: 19-12-2013
Яндекс.Метрика
Copyright © 2007-2019
9544016