«Абай және кітапхана» кең көлемді кітап көрмесі

4 желтоқсан күні № 37 мектеп гимназиясында қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Қазақтың бас ақыны - Абай Құнанбаев» атты танымдық кеште кітапхана қызметкерлері «Абай және кітапхана» атты кең көлемді кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрме барысында, ұстаздар мен оқушылар Абай Құнанбайұлының терең үңіліп оқыған орыс классиктері Пушкин, Лермонтов, Толстой, Салтыков-Щедрин т.б., Батыс Еуропа әдебиетінің тамаша үлгілері: Спенсер, Тэйлор, Дрепер, Уоллэс, Милль, Шекспир, Гете, Шиллер, Гейне, Байрон т.б. шығармаларымен танысып, қызығушылығын білдірді. Сонымен қатар, кітапханамыздағы Абайдың рухани орталығында Абай Құнанбайұлының әлем тілдеріне аударылған неміс, қырғыз, ағылшын, қытай, өзбек, түрік, азербайжан тілдеріндегі әдебиеттері мен 1936 және 1939 жылғы латын әліпбиіндегі шығармаларымен қауышты.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып шыққан «Абай әлемі» кітаптар топтамасынан да кеш қатысушылары кеңінен мағлұматтар алды.

Көрмеге Абай Құнанбаевтың өлеңдері мен абайтанушы ғалымдардың монографиялары қойылды, олардың ішінде: М. Әуезов "Абай Құнанбаев", Т. Әлімқұлов "Жұмбақ жан", Қ. Мұхамедханов "Абайдың ақын шәкірттері" және т. б.

 

Поделиться материалом
Яндекс.Метрика
Copyright © 2007-2020
10505690