Өзгерістерді өзіңнен баста

2015 жылғы 29 желтоқсанда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің эдеп кодексіне қол қойылды, ол мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне қойылатын негізгі талаптарды, сондай-ақ олардың мінез-құлқының базалық стандарттарын айқындайды.

Қоғам мемлекеттік қызметшілер өздерінің барлық күштерін, білімі мен тәжірибесін өздері жүзеге асыратын кәсіби қызметке жұмсайды, өз Отаны – Қазақстан Республикасына әділ және адал қызмет етеді деп есептейді. Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды. Бұл туралы ҚР мемлекеттік қызметшілерінің эдеп кодексінде айтылған.

Соңғы уақытта біздің қоғамымыздың барлығы руханилықты қайта жандандыруға айналды. «Руханилық» ұғымы тарих пен мәдениетте бай дәстүрлерге ие, ол адамның ішкі жан-дүниесінде сақталып, өзгелерге деген ізеттілік, әділеттілік сезімі, терең дүниетаным, әлеуметтік жауапкершілік арқылы танылатын сезім бола тұра, моральдық құндылықтар мен дәстүрлерді сақтауда көрінеді. Бұл мінездің күші, адамгершілік қағидаттарды ұстану, ішкі ерік күші адамның  өмірдегі негізгі іс әрекетін толық атқарады, өйткені рухани кемелденген адам ғана жалпы адамзатқа ортақ құндылықтарды  құрметтеп, жағымды істерді  жүзеге  асырады. Ұлт көшбасшысы Н. Ә. Назарбаев жариялаған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы әр адамға өз тамырларын білуге, еш ұмытылмас тарихқа, еш уақытқа тәуелді емес ұлттық мәдениетке деген қызығушылықты арттыруға бағытталған. Мемлекеттік қызметшілер рухани байыту бойынша тұрақты жұмыс жүргізуі тиіс - мемлекет пен халыққа қызмет көрсетуді таңдаған барлық адамдардың міндеті осыда.

Қазақстан Республикасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында мемлекеттік органдардың ұйымдастыру мәдениетін жетілдіруге және мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық моделін өзгерту арқылы ойлауын түрлендіруге бағытталған «Өзгерістерді өзіңнен баста» жобасы іске асырылуда. Бұл кіші бағдарлама алты бағытта, оның ішінде бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлік, білім табынуы, эволюциялық даму және сананың ашықтығы бойынша нәтижелі жұмыс істейді.

Басқармада мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі нормаларын, мемлекеттік қызметшінің қызметтік және қызметтен тыс уақытта мінез-құлқының жалпы стандарттарын сақтау қажеттілігі туралы қызметкерлер арасында тұрақты негізде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, олар іскерлік этикет пен ресми мінез-құлық ережелерін сақтауды қамтиды.

«ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ әдеп жөніндегі уәкілдің 2019 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасын іске асыру аясында бекітілген Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі жоспарды есепке ала отырып жасалды. Бірқатар іс-шараларды өткізу, оның ішінде семинарлар, кеңестер өткізу, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі кеңесінің шешімдерімен, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құжаттарымен танысу, басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің әлеуметтік желілерінің мониторингі, сауалнама жүргізу, басқарманың мемлекеттік қызметшілерімен әдеп кодексі пен мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық нормаларын сақтау қажеттілігі тұрғысынан жеке әңгімелесулер өткізу, моральдық-психологиялық жағдайды жақсарту мақсатында басқарма ұжымында мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілердің киелі орындарға, өңірдің тарихи-мәдени мұрасының ескерткіштеріне, музейлерге баруы және басқа да іс-шаралар жоспарланған.

Мәселен, 2019 жылдың ақпан айында басқармада «Мемлекеттік қызметшілер тарапынан әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың алдын алу, жол қозғалысы саласындағы ҚР заңнамасын түсіндіру» тақырыбы бойынша жаппай оқыту семинары өткізілді. ШҚО полиция департаментінің аға инспекторы Ернұр Қадырбекұлы Құтанбаев жол қозғалысын сақтау ережелерін, меншік иесі мен механикалық көлік құралы жүргізушісінің құқықтары мен міндеттерін және жол қозғалысы саласындағы басқа да мәселелерді түсіндірді. Әдеп кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметшілер өз тарапынан қоғамдық имандылыққа, тәртіп пен қауіпсіздікке қол сұғушылықпен ұштасқан заңнама талаптарының бұзылуына жол бермеуге тиіс. Мемлекеттік қызметшілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауы мінез-құлық нормасы болуға тиіс.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің өз қызметтік міндеттерін орындауға, қызметтік автокөлікті жұмыс және жұмыстан тыс уақытта пайдалануға, сондай-ақ мемлекеттік қызметке кір келтіретін әлеуметтік медиа сөздерді, фото және бейнематериалдарды жариялауға және де сыйлықтар мен қызметтерді қабылдауға жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

2019 жылдың сәуір айында «Өзгерістерді өзіңнен баста» жобасы аясында басқармада ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ШҚО бойынша филиалының оқытушысы Гүлфия Октябревна Берекполованың қатысуымен «Мемлекеттік қызметшінің құзыреті және өсу нүктелері» мәселесі бойынша тренинг өтті. Тренинг барысында сананың өзгеруі, мемлекеттік қызметшінің тиімділігі, оның құзыреті, командада өзара іс-қимыл мәселелері қарастырылды.

Сондай-ақ, 2019 жылы маусым айында мемлекеттік қызметшінің білімі мен дағдыларын дамыту мақсатында басқармада филология ғылымдарының кандидаты, журналистика кафедрасының профессоры, «Назарбаев сияқты сөйлеу» шешендік шеберлік кітабының авторы Абдуллина Люция Эльдарқызының қатысуымен «Мемлекеттік қызметшінің сөйлеу тәртібі» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Тыңдаушыға сөйлеу әсерінің принциптері: қол жетімділік, ассициативтілік, экспрессивтілік, қарқындылық; коммуникациялық әсерлер: визуалды имидждің әсері, бірінші фразалардың әсері және басқа да қағидаттар қарастырылды. Көпшілік алдында сөйлеу дағдысы мемлекеттік қызметшіге аудитория алдында сөз сөйлеуде, келіссөздер жүргізуде және іскерлік қарым-қатынас кезінде қажет.

 Мемлекеттік қызметшілерді мәдени-қоғамдық өмірге тарту мақсатында 2019 жылға мемлекеттік қызметшілердің тарихи орындарға, мәдениет ескерткіштері мен сакралды объектілерге бару және экскурсиялар ұйымдастырылды және өткізілді, бұл мемлекеттік қызметші тұлғасының рухани өсуіне ықпал етеді.

Мәселен, 2019 жылдың шілде айында басқарманың мемлекеттік қызметшілері Ұлан ауданының «Аблайкит» киелі объектісіне барды. XVII ғасырдың буддистік сәулет және өнер ескерткіші «Аблайкит» Жоңғар хандығының ең ірі діни және әскери-саяси орталықтарының бірі болды. Экскурсия барысында Ә. Х. Марғұлан атындағы Археология институтының ғылыми қызметкері, археолог Ерлан Қазизов басқарма мемлекеттік қызметкерлерін 2016 жылдан бастап осы тарихи ескерткіште жүргізілетін ғылыми зерттеулердің нәтижелерімен таныстырды.

Сондай–ақ, ағымдағы жылдың қыркүйек айында басқарманың мемлекеттік қызметшілері жазушы М. Әуезовтың музей-үйіне, үңгір ішінде орналасқан бірегей көлдің киелі суымен ғана емес, тарихы мен бай Абай ауданының «Қоңыр әулие» киелі жеріне барды.

Басқарманың мемлекеттік қызметкерлерінің ой-өрісін кеңейту мақсатында «Өзгерістерді өзіңнен баста» жоспарына сәйкес басқармада мемлекеттік қызметкерлер арасында оқуға ұсынылатын әдебиеттер тізімі таратылды, ол мемлекеттік қызмет және менеджмент, мемлекеттік қызметкердің этикасы, психология және көшбасшылық бойынша әдебиетті, көркем әдебиетті қамтиды.

2019 жылдың қазан айында мемлекеттік қызметшілердің А.С. Пушкин атындағы кітапхана өкілдерімен кездесуі өтіп, онда оқылған әдебиет бойынша қызу талқылау болды және жаңа кітаптар туралы мәлімет берілді.

 Мемлекеттік қызметтің кәсіби аппаратын қалыптастыру, мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру үшін әлі де көп нәрсе жасау қажет – өзгерістер қажет.

 Мемлекеттік қызметші, ең алдымен, өзгерістерді өзіңнен бастау қажет екенін түсінуі керек, өйткені мемлекеттік қызметте ең лайықты адамдар қалуы тиіс.

Поделиться материалом
Яндекс.Метрика
Copyright © 2007-2019
10253212