С.Торайғыровтың мерейтойлы шығармалары: «Камар сұлу» романына -105 жыл, «Кедей» поэмасына -100 жыл

Абай атындағы кітапханада 1 қараша күні ақын, ағартушы С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романы мен «Кедей» поэмасының мерейтойына орай шығармалар көрмесі ұйымдастырылды.

Мақсаты: көрмеге қатысушылар мен кітапхана пайдаланушыларына ақын С. Торайғыровтың шығармашылығы туралы ақпарат беру.

Көрмеге ақынның мерейгер шығармалары «Қамар сұлу» романы, «Кедей» поэмалары қойылды. Кітапхана пайдаланушылары назарына ұсынылған 1914 жылы жазылған «Қамар сұлу» романы ақынның өз дәуіріндегі қазақ әйелінің теңсіздігін көрсететін шығарма. Ал ақынның «Кедей» поэмасының негізгі идеясы - қазақ кедейінің сыры мен мұңы, сол замандағы кедейлердің ауыр тұрмысын бейнелегені жайында ақпараттар берілді. Ақын есімін қазақ оқырманына әйгіліген шығармалары да насихатталды.

Көрмеге қойылатын шығармалар қатарында А. Еспенбетов «Шәкәрім және Сұлтанмахмұт», Р. Мұсаханованың «Бейсембай Кенжебаев және сұлтанмахмұттану мәселелері» монографиялық еңбегі, С.Торайғыров: библиографиялық көрсеткіші, С. Торайғыров үш томдық шығармалар жинағы, Д.Әбілевтің «Сұлтанмахмұт» роман-трилогиясымен қатар «Қамар сұлу» романы мен «Кедей» поэмасының құрылымы мен құндылығын айқындайтын мерзімді басылымдар бар.

Поделиться материалом
Яндекс.Метрика
Copyright © 2007-2019
10253749