«Шағылға біткен шынармын»

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында» ақын, ұстаз, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі - Бақытжан Раисованың «Шағылға біткен шынармын» атты шығармашылық кеші өтті.

Аталған кешті, Қазақстан жазушылар Одағы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Ә. Қаңтарбаев - ақынға деген ілтипатпен, жалынды жақсы сөзімен мерейтой иесін құттықтап, кешті ашып берді.

Сондай-ақ облыстық мәдениет басқармасы атынан, мәдениет және өнер бөлімінің басшысы Алмаз Нұрғалиев ақынды құттықтап, ықылас гүлін табыс етті. Ақынның әндеріне де кезек беріліп, «Мен қазақтың қызымын», «Өмір-ай», «Қыздың әні» әндерін ҚР «Мәдениет қайраткері» Г.Қасенова, Қ.Манай, А.Хамит сынды әншілер нақышына келтіре орындады.

Ақын кешінің әсерлі өтіп, туған жерге деген махаббатын ән мен өлеңмен өрнектеген - театр актерлері ақын өлеңдерінен театрландырылған композиция көрсетіп, мерейтой иесінің ұзтаздық жолын да насихаттап өтті.

Кеш поэзия, проза жанрын сүйетін жиналған барша көрерменнің көңілінен шықты.

Поделиться материалом
Яндекс.Метрика
Copyright © 2007-2019
10253194