«Қарттарым – асыл қазынам»: Бағдаулет Мурсалимовпен кездесу

9 қазан күні А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада Қарттар күніне орай Қалалық ақсақалдар алқасымен бірлесе отырып жерлесіміз, еңбек және тыл ардагері, облыстық дәрежедегi дербес зейнеткер, Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы, Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері Бағдаулет Мурсалимовпен кездесу өтті. Кеш барысында Б.Мурсалимовтың замандастары мен жерлестері кеш иесіне қатысты естеліктерімен бөлісіп, «Қазына» ансамбльдері өз өнерін көрсетті.

Облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Манарбек Мұхамеджанов сөз алып, Бағдаулет Мұрсәлімұлын «Алғыс» төс белгісімен марапаттаса, кәсіпкер Мұрат Телебаев «Қазақстанның Құрметті азаматы» медалімен марапаттады.

«Халифа Алтай» орталық мешітінің бас имамы Мұқатай Ермекқажы, Өскемен қалалық ақсақалдар алқасының төрағасы Сайлаухан Әбілханұлы Аухадиев т.б. қонақтар сөз алып, ағаның еңбек жолына, өнер жолындағы шығармашылығына тоқталып, естеліктерімен бөлісті.

Кеш иесі қазақтың қара домбырасымен «Теріскей», «Аңшының әні», «Бабалар-ай» сияқты әндерді орындап, қонақтарға ерекше көңіл-күй сыйлады.

Абылгазинова Гульбаршын, библиограф-маман: Мурсалимов Бағдаулет қажы – 1937 жылы 26 қазан күні Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Қабанбай ауылында туған. Екі рет Мекке Мадинаға барып, қажылық парызын атқарған қажы. Облыстық ақсақалдар алқасының мүшесі, облыстық қажылар қауымдастығының төрағасы, күйші, әнші. Өнерімен де, еңбегімен де ұрпақтарына үлгі болып жүрген абыройлы азамат.

Ел мүддесін бәрінен биік қоятын,өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше, олай болса осы қарттарымыз –асыл қазыналарымыз аман болсын!

Поделиться материалом
Яндекс.Метрика
Copyright © 2007-2019
9899220