Абай рухымен қауышу: әдеби экскурсия

8 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласынан Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы «Ұлы Абай өлкесіне саяхат» атты туристік маршрут Семей шаһары – Ұлылар мекеніне келді. «Тоғас-интурсервис» туристік компаниясының атқарушы директоры Сымбат Садырқанұлы Рамазановтың ұйымдастыруымен саяхатқа шыққан № 56 мектеп оқушылары қаламыздағы Абай атындағы әмбебап кітапханасында болып, қасиетті қара шаңырақтың тарихына қанықты.

Кітапхана қызметкерлерінің басты мақсаты келген қонақтарға Абай Құнанбайұлына қатысты маңызды, бүгінгі күнге жетіп отырған сирек басылымдарымыздағы тарихи деректермен таныстыру болды.

Библиографиялық ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлері жас туристерді «Абайдың рухани орталығындағы» жауһар қазынамен, Абай атамызға қатысты қызықты, ауқымды деректермен таныстырды.

Әдеби саяхат барысында Ұлылар мекені туралы тың ақпараттар алған жас туристер интелектуалды ойынға белсене қатысып, алған білімдерін жарыса ортаға салып, лайықты сыйлықтармен марапатталды. Киелі мекен, тарихи шаһар туралы білімдерін толықтырған балдырғандар, сапарларының сәтті де тартымды әсерлерімен бөлісіп, қуанышпен тарқасты.

Поделиться материалом
Яндекс.Метрика
Copyright © 2007-2019
9899079