Жазушылар күні: әдебиеттік танысу

8 қазан күні балалар әдебиеті бөлімінің қызметкерлері №1 мектептің 7-ші «А» сынып оқушыларына ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыларын насихаттау мақсатында, «Бір ел – бір кітап» республикалық акция шеңберінде «Жазушылар күні» атты танымдылық шара өткізді.

Шара барысында кітапхана қызметкері «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясының тарихымен, жалпы оқуға арналған Әбіш Кекілбаевтің «Аңыздың соңы» және Әбділдә Тәжібаевтің «Лирика» туындыларына талдау жасай отырып түсіндіріп, 2019 жылғы «Бір ел –бір кітап» акциясы туралы слайдпен толықтырылды.

Кездесу барысында оқушыларға Әбділда Тәжібаевтың шығармашылық мұрасына арналған «Ақынның дауысы» буктрейлер көрсетіліп, өлеңдер эстафетасы ұйымдастырылды. «Қазақстан жазушыларының шығармашылығын жақсы білесіздер ме?» - деген викториналық ойынға белсене қатысқан оқушылардың ішінде Юсупова Амина, Хұдайбердина Аделина, Альменова Даяна, Филатов Влад, Щеголева Анналар өлеңдер жинағын нақышына келтіре мәнерлеп оқып, өздерінің білім деңгейлерін көрсетті.

Шара соңында «Осы кітаптарды бірге оқимыз» тақырыбында жасақталған кітап көрмесіне шолу жасалды.

Кездесуден балалар ұлы тұлғалар жайында мол мағлұматқа қанығып, жағымды оймен тарасты.

Поделиться материалом
Яндекс.Метрика
Copyright © 2007-2019
9899345