Жаңа көрмеге шақырамыз

Өскемен, Семей, Риддер, Зайсан қалаларынан және Ақсуат, Шемонаиха облыс орталықтарынан он облыс музейлері қатысатын, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығында 10 қазанда «Ежелгі артефактілерден қазіргі заманға дейін» көрмесі ашылады. Әр музейдің ерекше кәсіби «бет-бейнесі», бірегей қор жинағы және тарихы бар.

Көрмелерде, сондай-ақ Қасым Қайсенов көшесі 67 музей-қорық залдарында музей-қорықтың коллекциясы көрсетіледі. 50 жыл ішінде этнографиялық музей-қорық өз қызметімен тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар ТМД елдерінде және шет елдерде танымал болды. Музейде өлкемізде, сондай-ақ көптеген әлем халықтары тұратын аймақтарда, халықтардың материалдық және рухани мәдениетін көрсететін 60 мыңнан астам жәдігерлер бар.

Көрмеде Семей қаласындағы музей жәдігерлері ерекше орын алады. Қазақстандағы ең көне музейлердің бірі - облыстық тарихи-өлкетану музейі (1883 жылы құрылған) ағайынды Б.Герасимовтардың, Белослюдовтардың, ғалым Қ.И. Сәтпаев және облыстың басқа да ғылым және өнер қайраткерлері сыйға берген экспозициялары көрсетілген. Ф.М. Достоевскийдің әр жылдардағы еңбектері бар, Семей қаласындағы әдеби-мемориалдық Ф.М. Достоевский музейі (1971 ж.) белгілі. Ол жазушының жеті музей ішіндегі Ресейден тыс жерде орналасқан жалғыз музейі. Көрмеде әр жылдардағы жазушының жұмыстары көрсетіледі. Невзоровтар отбасы бейнелеу өнері музейі (1985 ж.), Қазақстандағы көркемдік қазыналардың ең үлкен жиналымдарының бірі, көрермендерді К.П.Брюллов, И.Н. Крамский, Б.Қ. Табиев, К.М. Шаяхметов атындағы орыс және қазақстандық бейнелеу мектептерінің жұмыстарымен таныстырады.

Өскемен қаласындағы ШҚ өнер музейі (1990 ж.) көрмеде танымал қазақстандық шеберлер А. Ақанаев, Т.А. Татиев, Е.Т. Төлепбаев жасаған суреттермен таныстырады. Өскемен қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі (1915 ж.) Абылайкит бекінісі-монастырынан алынған қызықты артефактілер коллекцисы ұсынылады.

Сонымен қатар көрме қонақтары Риддер және Шемонаиха музейлерінің материалдық мәдениет нысандарымен таныса алады. Зайсан қаласының тарихи-өлкетану музейі қола, темір және XIX ғасырлардағы артефактілерді, Тарбағатай тарихи-өлкетану музейі Шілікті қорғандарының археологиялық ескерткіштерінің гальван көшірмелері мен қазақ зергерлік бұйымдарының коллекцияларын ұсынады.

Көрме Қасым Қайсенов көшесі, 67 көрме залында 10 қазанда сағат 16:00 қойылады.

Поделиться материалом
Яндекс.Метрика
Copyright © 2007-2019
9899032