Ауыл өмірінен алынған әңгімелер

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық драма театры» КМҚК үлкен сахнасында В. Шукшиннің әңгімелері желісімен езу тартқызар, жанды «Чудаки» спектаклінің премьерасы өтті.

Биыл әлемдік қауымдастық ең жарқын және ерекше жазушылардың, режиссерлерінің бірі Василий Шукшиннің туғанына 90 жылдығын атап өтеді.

Бұл ісшарадан орыс труппасы да сырт қалмады, орыс труппасы Шукшиннің әңгімелері желісімен «Чудаки» премьералық спектаклін қойып, бай әдеби мұра қалдырған талантты адамды еске алып, құрмет көрсетуді ұйғарды.

Спектакль В.Шукшиннің «Крыша над головой», «Космос, нервная система и шмат сала», «Билетик на второй сеанс», «Срезал», «Миль пардон, мадам!», «Микроскоп», «Даешь сердце!» и «Живет такой парень» әңгімелеріне негізделген.

Қойылым сюжеті көрермендерді көңіл көтеретін орындардан тек клуб пен кітапханасы ғана бар шалғайдағы ауылдық жерлерге алып кетеді. Дәл сол клубта ауыл тұрғындарының риясыз, шынайы өмірінің барлық қырларын бейнелейтін таңғажайып оқиғалар басталады.

Пьесаның кейіпкерлері - бұл гамлетшіл адамдар, олар ештеңеден іркілмейді. Олар толыққанды өмір сүреді, сүйеді, сенеді. Армандары сондай асқақ! Бір сөзбен айтқанда, аңғалдар! Әлемді ұстап тұрған аңғалдар!

В. Шукшинді ойнауға болмайды, онымен тек өмір сүре алады. «ҚР Мәдениет қайраткері», Олег Маципулоның режиссерлығымен әртістер бұл кейіпкерлердің образын шынайы, әсерлі дәл бере алды.

 

Поделиться материалом
Яндекс.Метрика
Copyright © 2007-2019
9899448