«Қаламгер  тағлымы»: кездесу кеші 

11 қыркүйек күні Абай атындағы кітапхана оқырмандарға қарымды қаламгердің өмірі мен махаббат, достық, адалдық ғибраттарын мазмұнды, шыншыл әрі көркем кестелеген туындылармен таныстыру мақсатында журналист-жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Президент сыйлығының лауреаты, Қазақстан Журналистика академиясының академигі Қайсар Әліммен «Қаламгер тағлымы» атты шығармашылық кездесу кеші ұйымдастырылды.

Қайсар Әлім қазақ баспасөзінің дамуына өзіндік қолтаңбасымен зор үлес қосып жүрген ардагер, әдеби шығармаларымен де оқырман көзайымына айналған қаламгер.

Кеш барысында сөз алған жазушы Мұрат Сұлтанбекұлы Әзілхан Нұршайықовпен 34 жыл бойы жазысқан хаттары эпистолярлық жанрдағы елеулі шығармасы жайлы әңгіме өрбітсе, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Шәкәрім университетінің профессоры Оразғали Сейітқазы да қаламгер ағаның шығармашылығына тоқтала кетіп, жүрегінен ән тербетті.

Қаламгер жұртшылыққа өзінің баспасөз саласында істеп жүрген кездегі ескірмес естеліктері, Алаш арысы Міржақып Дулатұлының мәйітін 57 жылдан соң Карелиядан әкеліп, туған жері Торғайға қайта жерлеу экспедициялық сапарының басы-қасында болғандығы және осы сапардан туған «Мұңды сапар» атты тағлымы мол хикаят туралы тебірене әңгімеледі. Қазақтың белгілі жазушысы Әзілхан Нұршайықов жазған шығармасы оқиғаны қаламына арқау еткені «Мәңгілік шер» деректі повесі «Сырбай мен Ғафу» атты эссе-хикаяты туралы сыр шертті.

Шара барысында тыңдармандарға қаламгердің өмірі мен щығармашылық жолы, Тәуелсіздік жолындағы қызметі, Алаш арыстарының арман-мүддесіне адалдығы, Астана тақырыптары жайлы жан-жақты қырынан ашылған «Қалам киесі» деректі фильмінен үзінділер берілді.

Кітапхана атынан сөз алған директордың кітапхана ісі жөніндегі орынбасары Гүлмира Мұратқызы жазушы қаламынан туындаған хикаяттар мен әңгімелер оқырмандардың ыстық ықыласына бөленгені жайында алғыс білдіре отырып, ескерткішке кітап сыйлады. Өз кезегінде қаламгер аға, кітапханаға ризашылығына білдіре отыра, рухани байлықтарын кітапхана қорына тарту етті.

 

Поделиться материалом
Яндекс.Метрика
Copyright © 2007-2019
9736166