Президент Жолдауы – елдіктің арқауы: кең көлемді басылымдар көрмесі

Абай атындағы кітапханада 10 қыркүйек күні «Президент Жолдауы – елдіктің арқауы» тақырыбында басылымдар көрмесі ұйымдастырылып, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауына шолу жасалды.

Жолдауда көрсетілген экономиканы жаңғырту, халықты әлеуметтік қамсыздандырудың бірқатар мәселелері, яғни кәсіпкерлікті қолдау, білім сапасын жетілдіру, көпбалалы отбасылардың жағдайын жақсарту, бағаны тұрақтандыру, үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын жетілдіру, «қарапайым заттар экономикасын» дамыту және тағы да басқа мәселелер бойынша ақпарат беріліп, қатысушылармен талқыланды. Сондай-ақ, Жолдаудағы келер жылы аталып өтетін Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы сынды маңызды мерейтой мен елеулі оқиға жайында мағлұмат беріліп, Абай шығармашылығы мен ел Тәуелсіздігінің елеулі оқиғаларының басым бағыттары жайында айтылды. Кітап көрмесіне мерзімді басылымдар беттерінде жарияланған 2019 жылғы Жолдау, Р.М.Қалиевтың «Республика Казахстан и современный мир», «Казахстанский путь – 2050», З.К.Шаукеновтың «Идеологический концепт Развития Казахстана», Қ.Тоқаевтың 5 томдық шығырмалар жинағы, т.б. кітаптар мен мерзімді басылымдар беттерінде жарық көрген зерттеушілер мен саясаткерлердің, зиялы қауым өкілдері мен оқырман қауымның Жолдауды талқылаған, ой-пікірлерін айтқан мақалалары ұсынылды.

Поделиться материалом
Яндекс.Метрика
Copyright © 2007-2019
9736228