Кітапхананың құрметті қонағы

Абай атындағы кітапханада 9 қыркүйекте Қазақстан Республикасы спорт және туризм академиясының профессоры, жерлесіміз, кітапханамыздың бұрынғы оқырманы Жүкешев Қанат (Қанағат) Мұратбекұлы жұбайымен қонақта болып, кітапхана қорына «Тіл философиясы» атты монографиясын сыйға тартты.

Қанат Мұратбекұлы Жүкешев 2 монография, 5 оқулық, 13 оқу құралын жазған 100-ден аса ғылыми жұмыстардың авторы.

Қанат Мұратбекұлы кітапхана тарихымен, 18 ғасырдың соңы мен 19 ғасырдың басында жарық көрген Абай оқыған әдебиеттер әлемімен, ХХ ғасырдың басында өлке зерттеушілерінің жазған еңбектерімен, танысып, сирек басылымдар қорының молдығына таңқалыстарын білдірді. Алаш қайраткерлерінің көзі тірісінде жарық көрген еңбектері мен XX ғасырдың 1929-1940 жылдары латын қарпімен жазылған басылымдар туралы мол мағлұмат алды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жарық көрген «Абай әлемі» әдеби жобасы бойынша жарық көрген өлке жазушыларының бірегей басылымдарымен танысты.

Кітапханамыздың бай қорымен танысып, мол ақпарат алған Қанат Мұратбекұлы өз ризашылығын білдіріп, кітапхана қызметіне сәттілік тіледі.

Поделиться материалом
Яндекс.Метрика
Copyright © 2007-2019
9736141