«Рухани жаңғыру – жастар жолы»: жастар керуені

Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы 2019 жылы 4-6 қыркүйекте «Семей Жастар Ассамблеясы» қоғамдық бірлестігі облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырған «Рухани жаңғыру – жастар жолы» жастар керуенінің құрамына мүше болып, Жарма-Аякөз-Үржар аудандарына рухани сапармен жолға шықты.

Сапардың басты мақсаты керуен мүшелері жастар жылында ауыл жастарымен кездесіп, жастардың қоғамдық мәселесі, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану шаралары жайында сұхбат өткізіп, ауыл жастарына ақпараттық-әдістемелік көмек көрсету болды.

Жарма ауданының орталығы Қалбатау, Аякөз ауданының Мамырсу ауылы, Үржар ауданының Қарақол ауылдарында болған жастармен сұхбат барысында кітапхана маманы ауыл жастарын кітап оқуға, рухани мұра мекені болып отырған ауыл кітапханаларына жиі келіп, жастардың жиі бас қосатын қарым-қатынас орнына айналдыруына ықпал етуге шақырды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыс әкімі Д.Ахметовтың қолдауымен жарық көрген «Абай әлемі» кітаптар топтасы бойынша жарық көрген басылымдардан кең көлемді көрме ұйымдастырып, шолу жүргізді.

Қазақстананның мәдениеті мен әдебиетінің дамуына ықпал етуге, туған өлкемізден шыққан ұлы тұлғаларымыз бен ақын-жазушыларымыздың туындыларын қайта жаңғыртып шығаруға, тұлғаларымыздың атын әйгілеуге, көркем әдебиет арқылы жастарды Отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған кітаптар топтамасы ауыл жастарының көркем әдебиетке деген қызығушылығын тудырды.

Жоба аясында қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген ұлы Абайдың, ақын-философ Шәкәрімнің шығармаларына, ұлы жазушы М.Әуезовтің орыс жазушысы А.Кимнің аудармасымен жарық көрген «Путь Абая» роман-эпопеясына, Қазақстанның тұңғыш Халық ақыны атанған Т.Көбдікұлының, орыстың ұлы жазушысы Ф.Достоевскийдің шығармаларына, аты аңызға айналған Әміре әнші туралы естеліктер жинағына, жазушылар М.Сәрсекенің, А.Ивановтың, Б.Щербаков пен балалар жазушысы М.Қабанбаевтың кітаптарына шолу жасалды. Осы авторлардың өмірі мен шығармашылығы туралы мол мағлұматтар берілді.

Жастарды игі істерге дұрыс бағыттап, жас балдырғандарға үлгі болуға шақырған жастар керуені жастар ісіне сәттілік тілеп, рухани сапардан оралды.

 

Поделиться материалом
Яндекс.Метрика
Copyright © 2007-2019
9736209