Жазғы тілдік лагерьдің аяқталуы

Жазғы тілдік лагерьлер оқушылардың жазғы демалысында білімін толықтырып жаңа әсер алуына ықпал жасайды. Абай атындағы кітапханада 2019 жылдың маусым айының 5-і мен 14-і аралығында жазғы тілдік лагерь ұйымдастырылған болатын. Кітапханада ұйымдастырылған тілдік лагерь балалардың еркін пікір алмасуына, ағылшын тілі деңгейін дамытуға, жеке тұлғалық қасиетін тәрбиелеуге ықпалын тигізеді. Жазғы тілдік лагерьге қаламыздағы жалпы білім беретін мектептерінің 7-10 жас аралығындағы 13 оқушысы қатысты.

Лагерь барысындағы барлық сабақтар ойын түрінде өткізілді.  Тілдік лагерь кезінде балаларға ағылшын тілінде түрлі бейнероликтер көрсетіліп, ашық алаңда ағылшын тілінде ойындар ойнатылып тілге деген қызығушылықтарын арттыру мақсаты көзделді. Оқушылар ағылшын тілінде диалогтық қатынасқа түсе отырып, достық қарым-қатынас мәдениетін көрсете білді. Әрбір сабақ белгілі бір тақырыптарға негізделген: “My friend is Indian”, “Astrology, magic”, “Around the world”, “Let’s go to the zoo”, “Pirates, Indians”, “Mafia” and “Rainbow”. Сонымен қатар ағылшын тілінің лексикалық және грамматикалық:  “Clothes”, “Food”, “Furniture”, “Prepositions of place”, “Word order”, “There is/there are” тақырыптары оқытылды

Жазғы тілдік лагерь балалардың көңілінен шықты, әсіресе, құм анимациясы сабағы ерекше қызықтырды. Бүлдіршіндер асқан қызығушылықпен құммен еркін тақырыпта сурет салып, салған суреттерін ағылшын тілінде баяндауға тырысты.  

Лагерь қорытындысы бойынша барлық балаларға грамоталар мен сыйға ағылшын тіліндегі кітаптар табысталды.

Поделиться материалом
Яндекс.Метрика
Copyright © 2007-2019
9210188