Жазды кітаппен бірге өткізейік!: әдеби саяхат

14 маусым күні балалар әдебиеттері бөлімінің қызметкерлері Н.Г.Чернышевский атындағы №1 ЖББО мектептің жанындағы «Солнышко» жазғы лагерь демалушыларына,  балаларды кітап оқуға баулу мақсатында, «Жазды кітаппен бірге өткізейік» атты әдеби саяхат ұйымдастырды.

Шара барысында оқушылар 2019 жылғы мерейгер жазушылардың шығармаларымен, балалар арысындағы ең қызықты және танымал кітаптармен, заманауи форматта шығарылған басылымдармен танысты.  Кітап қорындағы кітап-панорама, телефон-кітапша, музыкалық кітапшаларға, 3D форматтағы кітаптарға үлкен қызығушылық танытты. Балалар арысында «Ең үздік ертегілер білгірі», «Ең ақылды кім?», «Мақал-мәтелді жалға», «Үзінді бойынша шығарманы тап!» және т.б. балаларға қызықты ойындар мен викториналар ұйымдастырылды. Лагерь демалушылары ойындарға белсене қатысып, халық ауыз әдебиетін жақсы білетіңдіктерін көрсетті. Шара соңында белсенді қатысушылар сыйлықтармен марапатталды.

Қатысушылардың назарына «Кітап әлемінде» атты кітап көрмесі ұсынылып кітап қорындағы танымал әдебиеттермен әлем ертегілері сериясындағы кітаптарға шолу жасалынды.

Поделиться материалом
Яндекс.Метрика
Copyright © 2007-2019
9544267