Кітапханаға саяхат

11 маусым күні Абай атындағы кітапханада №49 ЖББО мектеп жанындағы жазғы  лагерде демалушы оқушылар экскурсияда болып қайтты.

Балалар 1883 жылы саяси жер аударылғандардың бастамасымен ашылған кітапхана тарихымен, бөлімдермен және кітапхана қызметімен танысты. Абайдың рухани орталығында болған мектеп оқушылары ақынның мұрасымен, әлем тілдеріндегі шығармалары туралы мағлұматтар алды

Оқушылар балалар әдебиеттері бөлімінде болып балалар энциклопедиясымен, музыкалық кітаптармен, 3-Д форматтағы кітаптармен және білім орталығымен танысты. Білім  орталығындағы компьютерлік және логикалық құрастырмалы әртүрлі ойын түрлері ұсынылды. Ойын аймағында оқушылар «Хоккей»,  «Теңіз шайқасы», «Тақтар ойыны», «Лото» және т. б. үстел ойындарын ойнап, үлкен қызығушылық танытты.

Экскурсия барысында мұғалімдер мен балалар кітапхана тарихынан, қала тарихынан, өлке жазушыларының өмірі мен шығармашылығынан көптеген қызықты деректер алды.

Поделиться материалом
Яндекс.Метрика
Copyright © 2007-2019
9544335