Есірткісіз әлем: кең көлемді кітап көрмесі

Абай атындағы  кітапханада 5 сәуір күні   кітапхана оқырмандарына 26 маусым – Халықаралық нашақорлықпен және заңсыз есірткі саудасымен күрес күніне орай,  нашақорлықтың алдын алу, балалар мен жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Есірткісіз әлем» ашық кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Екі бөлімнен тұратын көрменің «Нашақорлық  және қоғам» атты бөлімінде Ә.Субханбердинның «Есірткі - қазіргі заман кеселі»,  А.Габианидың «На краю пропасти: наркомания и наркоманы»,  В.Михлиннің «Абайлаңыз, ақ өлім», Э.Бабаянның «Есірткі туралы оқу құралы» кітаптары, сондай-ақ, адамзатқа нашақорлықтың зардабы, салауатты өмір, есірткіні қолдануға қарсы ұстамдылыққа шақыру туралы мерзімді басылымдар беттеріндегі мақалалар ұсынылды.

Көрменің «Есірткісіз болашақ» бөлімінен «Есірткізісіз болашақ» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдар жинағы, А.Макеевтің «Қайғыға жол бермеу» атты жастарға арналған есірткі мен алкогольге тәуелділіктің алдын алу және одан құтылу жолдары қарастырылған  мұғалімдерге арналған  оқу құралы, Е. Біртановтың «Есірткімен уланудың түрлері»  туралы оқу құралы орын алды.  Қазақстанда нашақорлықпен күрес жүргізу шараларын жетілдіру жолдары, нашақорлық жайында ата-аналар нені білуі қажет?,  жастарға  зиянды  әдеттердің  алдын-алу жолдары және т.б. мерзімді басылым беттерінде жарияланған  мақалалар топтамалары қойылып, библиографиялық шолу жасалды.

Пайдаланушыларға ұсынылған медициналық, әлеуметтік, құқықтық және психологиялық мәселелерге жауап беретін нашақорлықтың алдын алу және оның зияны туралы басылымдардан жасақталған көрме маусым айының соңына дейін жалғасады.

Поделиться материалом
Яндекс.Метрика
Copyright © 2007-2019
9544001