Түн акциясы

2019 жылдың 16 мамыр күні Семей қаласындағы Ф.М.Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейі халықаралық музейлер күніне арналған және Қазақстандағы Жастар жылын тойлау аясында «Жастар Фестивальі» атты музейдегі түн акциясын өткізді.

2019 жыл Жастар жылы болып жарияланды. Бұл жас, қуатты, өнерлі, шығармашыл адамдардың уақыты. Қазіргі таңда Қазақстанда әрбір төртінші тұлға – ол жас буын өкілі. Біздің бар біліміміз, күш қуатымыз бен біліктілігіміз еліміздің көркеюіне жұмсалуы тиіс.

Кеш барысында ХХ ғасырдың ең жарқын кезеңдерінің бірі – 1957 жылғы жастар мен студенттердің Мәскеулік Фестивальін еске түсірдік. Ол кезде жер шарының әр бұрышынан жастар барлық ұлттың татулық пен достық мерекесін тойлау үшін жиналған болатын.

Сонымен қатар, іс-шараға Достоевский музейімен көптеген жылдар бойы бірлесіп қызмет атқарып жүрген «Қалалық Достық Үйі» ұлттық орталығының өкілдері қатысты. Кеште «Братцы» ұлттық-аспапты ансамбль, «Юна» продюсерлік орталығының жас әртістері, қалалық мәдениет үйінің «Гүлсымбат» сән театры, Орыс әлеуметтік-мәдени орталығы және №1 ЖОББМ оқушылары, ТӨМ ұстаздары мен бард өнер көрсетті.

Поделиться материалом
Яндекс.Метрика
Copyright © 2007-2019
9355420