Гүлнәр Бекбердинованың әлемі

«Менің әлемім» - Шығыс Қазақстан өнер музейінде ашылған живописьтік полотнолар көрмесі осылай деп аталады. Онда Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, музей-қорықтың аға ғылыми қызметкері Гүлнәр Бекбердинованың картиналары қойылған.

Гүлнәр Бекбердинова Көкпекті ауданының Көкжайық ауылында дүниеге келген және өзінің кіші Отанына деген сүйіспеншілігін өз картиналарында көрсетуден жалыққан емес. Суретшінің «Шебер», «Менің әжем», «Аңшылықта» және басқа да майлы, акварельді картиналарында оның бала кезінен  жүрегіне жақын дүниелер келтірілген. Шебер қазірде де сол бір суреттерді өзгелердің түйсік-пайымына жеткізуге тырысады. Олар – ұлттық дәстүрлердің басымдығы, отбасының беріктігі, бақытты махаббат үлгілері.

Гүлнәр Мигражқызы бұдан бірнеше жыл бұрын картиналарын музей-қорықта алғаш рет қойған еді. Музей-қорықтың өнертанушысы Тамара Быкова айтқандай, ол кездегілер сурет салуды енді ғана қолға алған суретшінің көрмесі болса, ал бүгіндегісі есейген, ойлы шебердің көрмесі. «Көрме ерекше көркем де қызықты, - дейді өз ойымен бөліскен Анатолий Бердюгин. – Маған әсіресе, акварельмен салынған картиналар ерекше ұнап тұр. Гүлнәр Бекбердинованың тарихқа зер салатыны ерекше құптарлық іс дер едім.

Көрме барысында суретшінің «Дала қызғалдақтары» атты картинасы ерекше қызығушылық сезімін тудырды. Онда қазақтың ұлттық киімдерін киген үш әйел билеп жүр. Олардың бұралған бейнелері мен қозғалыстары, бояулы палитра расымен де осынау бір гүлдерді еске түсіреді. Көрмеге келушілер назарына суретшінің қырық картинасы ұсынылған. Көрме 11 маусымға дейін жұмыс істейді.

 

Поделиться материалом
Яндекс.Метрика
Copyright © 2007-2019
9544300