Санкт-Петербургтегі Мемлекеттік Орыс музейін таныстыру 

2019 жылдың 13 мамырында Семей қаласындағы №29 орта мектебінің орта буын оқушылары үшін музей-қорықтың ақпараттық-білім беру бөлімінің қызметкерлері «Санкт-Петербургтегі Мемлекеттік Орыс музейін таныстыру» тақырыбында дәріс оқыды. Іс-шараға 100 адам қатысты. Іс-шара барысында оқушылар Мемлекеттік Орыс музейінің тарихымен танысып, оның залдарына саяхат жасады. Суретшілер туралы әңгімеленіп, биылғы жылы 175 жасқа толатын В.Д. Поленовтың өмірі мен шығармашылығына ерекше назар аударылды.

 

Поделиться материалом
Яндекс.Метрика
Copyright © 2007-2019
9100628