АҚШ Елшілігінің баспасөз атташесі кітапханада

13 мамыр күні Абай атындағы облыстық кітапханаға АҚШ Елшілігінің баспасөз атташесі Шон Бода келді. Баспасөз атташесі кітапхананың тарихымен танысып, Абайдың рухани орталығына барып, ұлы ақын әрі ағартушы Абай Құнанбаевтың оқыған кітаптарын тамашалады. Кітапханамыздың сирек кездесетін кітаптар қорын аралап, ұсынылған кітаптардың әртүрлігіне деген таңданысын да жасырмады. Баспасөз атташесін таңқалдырған тағы бір жәйт кітапханамызға Джордж Кеннанның келуі. Шетел әдебиеттері бөлімінде Шон Бода американдық сөренің жұмысымен, ағылшын тіліндегі әдебиеттермен, ағылшын тілін үйрену бағдарламаларымен, көркем әдеби шығармалармен және танымал фильмдермен танысты. Кездесу соңында Шон Бода кітапхана қызметкерлеріне ақпараттық тур үшін алғысын білдіріп, оларға шығармашылық табыс тіледі.

 

Поделиться материалом
Яндекс.Метрика
Copyright © 2007-2019
9100378