Мәңгі есте сақтау үшін

Музей-қорықта Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күні қарсаңындамектеп оқушылары мен техникалық-экономикалық колледж оқушыларының қатысуымен мерекелік іс-шаралар болып өтті.

«Ел қорғауға әзірміз!». Қазақ этнографиясы бөлімінің қызметкерлері 6 мамыр күні М. Горький көшесі, 59 ғимаратында №35 орта мектептің төртінші сынып оқушыларымен өткізген таңертеңгілік осылый деп аталды. Таңертеңгілік Отан қорғаушы күніне арналды. Ол 7 мамыр күні атап өтіледі, өйткені, 1992 жылдың дәл осы күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз әскерімізді құру туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

Бөлімнің ғылыми қызметкері Алмагүл Кенжина атап өткендей, негізгі мақсат балалардың назарын қазақтың ұлттық ойындары кірістірілген сайыстарға аудару болды. Оқушыларға үй тапсырмалары берілді. Мереке барысында қыздар ұлдарды – келешек Отан қорғаушыларды құттықтады. Балалардың өз күшімен дайындалған концерт қойылды.

Осы күні музей-қорықтың тағы бір корпусында, Қ. Қайсенов көшесі, 67 ғимаратында Ұлы Отан соғысы жылдары тылда еңбек еткен Аза Васильевна Ермолаева мен Виктор Емельянович Спасовпен кездесу болды. Ғылыми-ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімі ұйымдастырған «Енді қалған ғұмырда» атты іс-шараға техникалық-экономикалық колледждің бірінші курсында оқитын оқушылар қатысты. Құрметті қонақтар сол бір сұрапыл жылдарды еске алды. Ал келешек Отан қорғаушылар викторина сұрақтарына жауап берді. Оларда шығысқазақстандық жауынгерлер – Ұлы Отан соғысыңа қатысушылардың есімдері мен соғыс жылдарындағы әндерді атау, соғыс жайлы экранда көрсетілген фильмдердің үзінділеріне қарап, оның қай фильм екенін айту ұсынылды. Іс-шара соңында кездесуге келген тыл еңбеккерлеріне гүл шоқтары табысталды.

- Мұндай кездесулер өте қажет, - деді Виктор Емельянович Спасов. – Олар бүгінгі ұрпақ бақытты өмір сүру үшін аға буын өкілдерінің қаншалықты еңбектенгені, бел жазбай, тер төккені жайлы балалар мен жастардың ұмытпауына көмектеседі.

 

Поделиться материалом
Яндекс.Метрика
Copyright © 2007-2019
9544081