Шығыс Қазақстан облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының кеңейтілген аппараттық кеңесі

2019 жылғы 16 сәуір күні А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы А.М. Мухамедчиновтың төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңесі өткізілді. Аталмыш жиналысқа мәдениет және архив мекемелерінің директорлары мен өкілдері қатысты.

Жиналыс барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының 2-жылдығы аясында басқарма басшысы А.М. Мухамедчинов Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің наградаларын табыстады, соның ішінде «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен «Облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК директоры С.К. Нургазиева, «Үздік өлкетанушы» төсбелгісімен «Облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК археология мен этнографияны ғылыми зерттеулермен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Н.А. Косенкова және «Ф.М. Достоевскийдің Семейдегі әдеби-мемориалдық музейі» КМҚК бас қорларды сақтаушысы Т.Г.Титаева марапатталды.

Сонымен қатар, басқарма басшысының атынан келесі мәдениет мекемелері:

-       «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Шығыс Қазақстанның ежелгі қазыналары» жобасын жүзеге асырғаны үшін - «Облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК;

-       «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Шығыс Қазақстанның ежелгі қазыналары» жобасын жүзеге асырғаны үшін «Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК;

-       «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «АРТ заман» жобасын жүзеге асырғаны үшін «Шығыс Қазақстан өнер музейі» КМҚК;

-       «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «АРТ заман» жобасын жүзеге асырғаны үшін «Невзоровтар отбасы атындағы ШҚО музейі» КМҚК;

-       «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ертіс музыкасы әлемі» жобасын жүзеге асырғаны үшін «Ертіс концерт» КМҚК;

-       «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ертіс музыкасы әлемі» жобасын жүзеге асырғаны үшін «Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармония» КМҚК;

-       «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «ШҚО тарихи-мәдени мұраны сақтау бойынша кешендік іс-шараларды жүзеге асыру» жобасын жүзеге асыруғаны үшін «ШҚО тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі мекеме» КММ;

-       «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Абай әлемі» жобасын жүзеге асырғаны үшін «ШҚО А.С.Пушкин атындағы кітапхана» КММ;

-       «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Абай әлемі» жобасын жүзеге асырғаны үшін «ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапханасы» КММ марапатталды.

 

Поделиться материалом
Яндекс.Метрика
Copyright © 2007-2019
9355651