Қазақстандағы Ғашықтар күні

14 сәуір күні «Жастар» саябағында Қазақстандағы Ғашықтар күніне арналған мереке аталып өтті. Келушілер «Халықтық және сәндік-қолданбалы өнер» бөлімінің қызметкерлері ұйымдастырған мерекеде қолөнершілер жәрмеңкесіне қатысып, концертті тамашалады.

«Ғашықтар күні» ұлттық мерекесі Қазақстанда 2011 жылдан бастап аталып өтуде. Мереке XIII-XIV ғасырлардағы бозбала мен бойжеткеннің қайғылы, пәк махаббатын баяндайтын қазақтың лиро - эпостық жырының басты қаһармандары Қозы Көрпеш пен Баян сұлуға арналған. «Халықтық және сәндік-қолданбалы өнер» бөлімінің меңгерушісі Райса Мұхамеджанова айтқандай, саябақтағы мереке Жастар жылы аясында өтті.

Сәндік-қолданбалы өнер шеберлері жәрмеңкеге түрлі өнімдер әкелді. Олар-қайың қабығы мен шпоннан жасалған бұйымдар, балшықтан жасалған ысқыруықтар, қолдан жасалған сабын, әшекейлер, матадан тігілген тұмарлар, тоқылған бұйымдар және қуыршақтар. Аталған мереке барысында қолөнер шебері Вера Карпуцина қоғамен тоқу бойынша шеберлік класын жүргізді. Орталық алаңда MMDance студиясынан келген балалардың концерті өтті. Олар саябаққа келген барлық келушілерді қуантып, би билеп, ән шырқады.

Мерекелік іс-шара барысында лотерея өткізілді, оған жүлделерді барлық жәрмеңкеге қатысушы - қолөнершілер берді. Отбасымен мерекеге келген Өскемен қаласының тұрғыны Елена Герасимова концерттің ұнағанын және жәрмеңкеде тамаша кәдесыйлар сатып алғанын, сондай-ақ, Қазақстандағы Ғашықтар күніне қатысты жаңа мәліметтер алғанын айтып өтті. Қызы концертке қатысқан Азамат Такжанов демалыстың тамаша өткендігін айтып, мұндай мерекелерді ұйымдастыратын музей-қорығына алғысын білдірді.

 

Поделиться материалом
Яндекс.Метрика
Copyright © 2007-2019
9355454