Тарихты зерттей отырып, өзімізді танимыз: ғылым күні 

13 сәуір күні Абай атындағы кітапхана қызметкерлері қаламыздағы №6 мектеп гимназиясында ұйымдастырылған «Ғылым күні. Тарих саласы» атты іс-шараға қатысты. Бұл іс-шара дәстүрлі түрде мектеп гимназиясында 25 жыл бойы өткізіліп келеді және оқушылар жыл сайын қызықты ғылыми жобалар дайындап қорғайды. Ғылыми жоба жазу барысында оқушылар құжаттармен жұмыс істеуді, оларды талдауды, қысқаша әрі мазмұнды бейнепрезентациялар жасауды үйренеді. «Ғылым күні» екі бөлімнен тұрады. Олар: «Өлкетану мәселелері» және «Жалғасы бар тақырыптар» (заманауи және дүниежүзі тарихы бойынша).

Абай кітапханасының маманы 8-10 сынып оқушыларына қаламыздағы өлкетану мәселесі, кітапхананың өлкетану қызметі туралы ақпарат беріп, өлке тарихы бойынша библиографиялық көрсеткіштермен, кітапхананың ресми сайтында өлкетану мәліметтерін іздеу мүмкіншілігімен таныстырды. Кітапхана қызметкерінің айтуы бойынша, бір жыл бұрын кітапхана, «Прииртышье» өлкетану қоғамы және «Туған қалам» ҚҚ бірлесіп қала тұрғындарының басын қосатын «Өлкетану қонақжайы» атты клуб ашылған болатын. Клуб мүшелері қала тұрғындарына қаламыздың тарихы және ашылмаған құпиялары туралы баяндап, зерттеу жұмыстарын ұсыну арқылы кітапхананың ақпараттық қорын толықтыруға септігін тигізеді. Яғни кітапхана пайдаланушыларының өлкетану бойынша ақпаратқа деген қолжетімділігі артады. Осындай ақпарат алмасу кездесулері өте маңызды. Кездесу барысында №6 мектеп гимназияның оқушысы И. Омарова «Ұлы Отан Соғысы жылдары Семей қаласындағы өнеркәсіп. Эвакуацияланған кәсіпорындар» тақырыбында Жеңіс күні мерекесіне орай өткізілетін өлкетану қонақжайына шақырылды. Шара соңында кітапхана атынан №6 мектеп гимназия ұжымына өлке тарихы мен мәдениеті бойынша ақпараттар қамтылған библиографиялық көрсеткіштерді сыйға тартты.

 

Поделиться материалом
Яндекс.Метрика
Copyright © 2007-2019
8985885