«Адамдарға жақсылық сыйлау – дарыннан!» кинолекторий

2019 жылғы 8 сәуірде «Риддер тарихи-өлкетану» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «№ 1 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 8 сынып оқушыларына «Талант – дарить людям добро!» кинолекторий өткізілді.

«Ұлы тұлғалар» серия шеңберінде 2019 жылы халық əртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әмина Ерғожақызы Өмірзақованың 100 жылдығы атап өтіледі. Əйгілі əртістің ғасырлық мерейтойы ЮНЕСКО ауқымында атап өтіледі. Әмина Өмірзақова - халықтың сүйікті жəне кинематограф аңызына айналған. Сахнада жəне түсірілім алаңында ол əртүрлі образда өнер көрсететін, бірақ ана рөлі өте нəзік, əсіресе оның көптеген картиналарынан көрермендердің естерінде қалған. Оны қазақ экранында қазақ анасының үлгісі ретінде білетін.

Әмина Ерғожақызы жарты ғасырдан аса өмірін Г.Мусірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер үшін Қазақ мемлекеттік академиялық театрына арнаған. Ол еңбек жолында жоғары мемлекеттік атақтар мен наградаларға ие болған: 1964 жыл - Ленинградта 1 Бүкіл кеңестік кинофестивалде үздік əйел рөлі үшін КазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, 1965 жыл – Каз.КСР Халық əртісі атағы, 1966 жыл – КСРО Халық əртісі атағы, 1999 жыл – «Отан» орденімен марапатталған, 2001 жыл – «Тарлан» сыйлығының лауреаты

Әмина Өмірзақова өте мейірімді, көрнекті, əдемі жəне өмірге деген қызығушылығы бар адам ретінде халықтың есінде қалған. Халық əртісінің жарқын бейнесі, өте дарынды жəне өмірге деген сүйіспеншілігі мəңгілік жадымызда қалады.

 

Поделиться материалом
Яндекс.Метрика
Copyright © 2007-2019
8985740