«Ұлы даланың жеті қыры» атты жылжымалы көрме 

2019 жылдың 6 наурызы күні Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінің жоғарғы дәрежелі мамандары Ожарова Құралай мен Сердалина Сақтаған Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың мақаласының негізінде «Ұлы даланың жеті қыры» атты жылжымалы көрмемен Приречный ауылындағы жалпы білім беретін орта мектебіне барып, тақырыптық дәріс оқыды.

Музей мамандары мектеп оқушылары мен ұстаздарын Елбасы мақаласының мазмұнымен таныстырып, келушілердің қызығушылығын тудырды. Мақалада көрсетілген Ұлы даланың жеті қырын Шығыс Қазақстан облысымен байланыстыра отырып, ақпараттар берді. Оқушылар Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейімен жақын танысып, музей қорынан алынған қару-жарақтар, ат әбзелдері және қола дәуіріне жататын  жәдігерлерді қызығушылықпен тамашалап, естелік суретке түсті. Мектеп директоры В.Н.Тихомолова мен тарих пәнінің мұғалімдері М.Омаров пен Б.Абенов музей мамандарына ризашылықтарын білдіріп, «Алғыс хат» табыс етті. Қатысушылар саны  шамамен 200 адам.

 

Поделиться материалом
Яндекс.Метрика
Copyright © 2007-2019
8878709