Аман Мұқажанның музей-қорықта өткен «Дала аңызы» атты көрмесі 

5 наурыз күні Қ. Қайсенов көшесі, 67 ғимаратындағы көрме залында қазақстандық белгілі зергер Аман Мұқажанның (Алматы қ.) «Дала аңызы» атты көрмесі ашылды. Аталған іс-шараның сұлулық пен жаңару мерекелері – халықаралық  әйелдер күні мен Наурыз мейрамы қарсаңында өтуі ерекше болды.

Көрмеде автордың тек өзіне ғана тән стильде жасалған 150-ден астам бұйым, атап айтқанда, сақиналар, алқалар мен сырғалар қойылды.  Білезіктер де көп болды. Аталған бұйымдардың авторы Амангелді Мұқажанның сөзіне қарағанда, ол шығармашылығы барысында кесек дүниелерге, монументализмге қол жеткізуге ұмтылады. Мәселен, ол білезік жасау кезінде далалық сарынмен үндесетін ой-толғамдарды көрсетуге тырысады.

Амангелді Мұқажан – «ЮНЕСКО-ның халықаралық Сапа Белгісінің» иегері, республикалық «Шебер» конкурсының бірнеше дүркін жеңімпазы.  Ресейлік әріптестері оның дарының К. Фаберже мемориалдық қорының Үлкен М. Перхин орденімен, «Бас шебер» атағын бере отырып, Ф. Бирмаум орденінің Құрмет белгісімен атап өткен-ді. «Ежелгі шеберлердің жолын қуған Амангелді Мұқажан осылайша ұлттың мәдени кодын сақтап келеді. Ал бұлар түптеп келгенде автордың зиялылығы мен рухани даму үстінде екенін танытса керек» - деп атап өтті көрменің ашылу салтанатында сөз алған  музей-қорықтың өнертанушысы Тамара Быкова.

Жалпы, көпшіліктің пікірінше, аталған көрме әр буын өкілдері – жастар үшін де, үлкендер үшін де қызықты болмақ. Сонымен қатар көрмеге келушілер ол жерден өздерінің жақындары мен туыстарын 8 наурыз және  Наурыз мейрамымен құттықтауға тұрарлық сыйлықтар сатып ала алады. «Дала аңызы» көрмесі ағымдағы жылдың 5 сәуіріне дейін жұмыс істейді.

 

Поделиться материалом
Яндекс.Метрика
Copyright © 2007-2019
9079905