Ақын жасаған әлемде 2019

Сирек кітаптар және икона жазу бөлімі Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, Өскемен қаласының Құрметті азаматы Серік Ғабдуллинге арналған IV Ғабдуллин оқуларына қатысты.

Оқу Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкеев атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ қалалық кітапханасында өтті. «Сирек кітаптар және иконажазу» бөлімі музей-қорықтың қор жинақтамаларының негізінде «Серік Ғабдуллиннің өмірі мен шығармашылығы» атты көрме ұйымдастырды. Көрмеге ақынның домбырасы, сағаты, жазу машинасы және басқа да мемориалды заттар қойылды. Бөлім меңгерушісі Гүлжан Кашакудың айтуынша, көрмеде тұрған заттардың бір бөлігін және оның досы Ғазиз Саттыбаевтың салған суреттерін Серік Ғабдуллин музейге өзі сыйға тартқан. 2012 жылы Серік Ғабдуллиннің өмірден өтерінен екі жыл бұрын 75 жасқа толуына орай, музейде көрме ұйымдастырылған болатын. Шынар Ғабдуллина (қызы) 2017 жылы музейге заттардың тағы да бір бөлігін, оның ішінде Жамбыл Жабаевтың және Сәкен Сейфуллиннің бюстін сыйға тартты.

Өлкетану бөлімінің кітапханашысы Бикамал Мұқиманова өз сөзінде:

- Қатысушылардың Серік Ғабдуллинге тиесілі заттарды көргені өте маңызды. Картиналар, домбыра, кітаптар - оның өзі жасаған, қоршаған әлемі... деді.

Оқудың барлық қатысушылары Мақтау қағаздарымен, жүлдегерлер – дипломдармен марапатталды. Кітапхана әкімшілігінің атынан «Сирек кітаптар және иконажазу» бөлімінің меңгерушісі Гүлжан Кашакуге және бөлім қызметкері Карчалова Әселге Алғыс хаттар ұсынылды.

 

Поделиться материалом
Яндекс.Метрика
Copyright © 2007-2019
8781853