Тарих қойнауындағы Ауған ақиқаты: көрме-естелік

Биыл кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толып отыр. 15 ақпан Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылған күніне орай 7 ақпан күні Абай кітапханасында Ауғанстан туралы ақиқатты жас ұрпаққа жеткізу мақсатында, қалың оқырман қауымына арналған «Тарих қойнауындағы Ауған ақиқаты» атты көрме-естелік ұйымдастырылды.

Көрмеге Ауған соғысына қатысқан қазақстандықтардың қысқаша өмірбаяндары, суреттерімен толықтырылған «Даңқ» энциклопедиялық анықтамалығы, С.Әкімбековтың «История Афганистана», «Когда поют солдаты», «Афганские звезды» жыр жинақтары, Б.Сайлан «Мен барған соғыс» т.б. кітаптар мен мерзімді басылымдардан мақалалар топтамалары мен жауынгерлердің жеке фотосуреттері қойылды.

Көрмеге қойылған кітаптар арасында 1988-1989 жылдары Ауған соғысында бірнеше жауапты операцияларға қатысқан, батырлығы мен азаматтық бейнесі жан-жақты әрі деректі негізде шынайы суреттелген Ауған соғысының ардагері, Қазақстандағы журналистерден шыққан тұңғыш генерал Мұрат Қалматаев жайлы жазылған Б.Оңғарбаевтың «Генерал Қалматаев» атты ойтолғау кітабы оқырман назарын аударып, қызығушылығын тудыра білді.

Көрме айдың соңына дейін оқырмандар назарына ұсынылмақ.

Поделиться материалом
Яндекс.Метрика
Copyright © 2007-2019
8985850