«7-ші» әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер

«Шексіз музей»-деп қаланың мектепке дейінгі және мектеп мекемелерінде Риддер тарихи-өлкетану музейінің мамандарымен өткізілген көшпелі іс-шаралар аталады.

05.02.2019 жылы №21 мектепке дейінгі мекемеде орташа топқа «Кішкентай азамат» бағдарламасы бойынша «7-ші» музей сабағы өткізілді.

Музей мамандары О.В. Андреева және С.В. Никифорова отбасы және отбасындағы өзара қатынастар туралы балалардың ой-өрістерін кеңейтті. Мынадай қасиеттерді қалыптастыруға мүмкіндік берді: құрмет, түсінік, жақындарына, Отанына деген қайырымдылық сезімдері.

Отбасы және көп балалы отбасы түсінігін толығымен ашып берді. Отбасы дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, әртүрлі халықтардың отбасы символдары туралы айтып берді: шаңырақ, үй ошағы, түймедақ, аққу, матрешка, ашық алақан және тб.

Өз отбасымен таныстыру және әңгімеге кірістіру үшін балалармен арнайы дайындалған «Менің тату отбасым» фотокөрмесі көмек құралы болды. Іс-шарада алған білімдерін бекітуге көмек болған ойын сәттері пайдаланылған: «Бұл менің бүкіл отбасым», «Жүректен жүрекке», «Менің отбасым өте өте өте…», «Ромашка». Іс-шара «Солнечный круг» балалар әндерін орындаумен аяқталды.

Поделиться материалом
Яндекс.Метрика
Copyright © 2007-2019
8985898