Ядросыз әлем – жаһандық қауіпсіздік кепілі: кітап көрмесі

1 ақпан күні Абай атындағы кітапхана «Жанұя Орталығы» қоғамдық қорымен бірлесіп Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына арналған дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге Семей қаласы әкімінің орынбасары Н.В. Шарова, қоғамдық ұйымдар, қоғам қайраткерлері, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен жастар қатысты. Дөңгелек үстелге қатысушылар үшін кітапхана қызметкерлері «Ядросыз әлем – жаһандық қауіпсіздік кепілі» тақырыбында  кітап көрмесі жасақталып, шолу жасалынды. Көрме бөлімдері хронологиялық тәртіппен, кітапхананың бай қорынан алынған ақпараттық ресурстардың сан алуандығымен таныстырды. Ұсынылған басылымдардың арасында Н.Назарбаев, Н.Жотабаев, С.Картоев, С.Стивенсон, И.Часников, В.Шмидт, Е.Якубовская және т.б. кітаптары бар. 

Көрмедегі кітаптардың, мерзімді басылым беттеріндегі  мақалалардың тақырыптары полигонынды жабу мәселелері, жүргізілген ядролық жарылыстардан кейінгі Семей өңірінің жай-күйі, ядролық сынақтардың зардабы және Ұлттық ядролық орталықта атомды бейбіт мақсаттарда қолдану үшін зерттеп, зерделеу болды.

Поделиться материалом
Яндекс.Метрика
Copyright © 2007-2019
9899053