Бастаңғы-2019

Халқымыздың құндылықтарын дамытудың бағдаршамы болып табылатын Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Жастар жылына орай Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен өткеннің жұрнағы болып қалған дәстүрге арналған «Бастаңғы-2019» атты жастардың сауық кеші өтті.

Халқымыздың дәстүрлі мұрасы, рухани мәдениет қазынасы болып саналатын әдет-ғұрыптарды жаңғырту, жастар арасында насихаттау.

Шара барысында кеш қонақтары, Мерей Қарт, Еркін Қуаныш, Еділ Майзақов, т.б. дарынды ақындар, «Жас Отан» жастар қанатының ШҚОФ төрайымы, Өскемен қалалық маслихатының депутаты Маржан Бақытқызы, облыстық драма театры, Шығыс Қазақстан мемлекеттік С.Аманжолов атындағы университеттің «Шабыт» студенттер театры әртістері, «Бірлік» жастар этно-клубы, сол сияқты өзге де өнерлі жастар ұлы дәстүрді қайта жаңғыртпақ. Ұлттық нақышта өткен думанда халқымыздың киелі домбырасымен күйлер күмбірлеп, әндер әуелейді. Жас ақындар сөзбен өрнек салып, айтысқа түседі.

Ұлтымыздың дәстүрін ұлықтап жүрген «Ай-Ша», «Қырмызы», «Aisһa» тігін шеберханаларының талантты жас қолөнершілері өз бұйымдарын көпшілік назарына ұсынып, көрме ұйымдастырды.

Ұлттық мәдениетіміздің маңызды бір саласы болып табылатын ұлттық дәстүрлер «Ауылдың алты ауызы» орындалып, «Қонақ кәде» жасалды. «Орамал салу», «Жілік шағу», сондай-ақ ұмыт болған т.б. ойындар кеш қызығын арттыра түсті.

Ұлт өнерiне, тарихына құштар бүгiнгi жастардың шарадан үйренерi алары көп болды.

 

Поделиться материалом
Яндекс.Метрика
Copyright © 2007-2019
8782125