«Ежелгі өркениеттердің көз қайнарында: өңір аумағындағы ежелгі тайпалар»тарих сабағы

«Риддер тарихи - өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында 2019 жылғы 08 қаңтар күні «№16 орта мектеп» коммуналық мемлекеттік мекемесінің 1-5 сынып оқушыларына «Ежелгі өркениеттердің көз қайнарында: өңір аумағындағы ежелгі тайпалар» тарих сабағы өткізілді. Сабақты мамандар Г.С. Жагиева мен О.Ю.Сомова өткізді.

Қазақстан жері өз тарихымен бай. Біздің ғалымдар мен археологтар алдында талай құпиялардың ашылуы тұр. Бірақ ғылым әлемін елеңдеткен ұлы жаңалықтардың ашылуы бар. Археология саласындағы үш жылдық ғылыми – зерттеу жұмыстарының бағдарламасы біздің отанымыздың ғалымдарына сенсациялық жаңалықтарды ашуға көмектесті. Бұл: Берел, Шілікті, Елеке Сазы, Көктүбек, Аблайкит археология ескерткіштері.

Балалар ежелгі тайпалардың мәдениеті, тұрмысы ұйымдастырушылық құрылымымен танысты. Әңгімелеу тұсаукесер және бейнематериалмен сүйемелденді.

Өлкетану ісі ой – өрісті кеңейтуге қызмет етеді, жеке тұлғаның маңызды қасиеттерін, туған жерге деген сүйіспеншілікті, туған өлкенің тарихын зерделеуге тәрбиелейді.

 

Поделиться материалом
Яндекс.Метрика
Copyright © 2007-2019
9210154