Дәстүрлі Жаңа жыл: кең көлемді кітап көрмесі

Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы қайталанбас таңғажайып сиқырлы мерекелердің бірі. Кітапхананың жас оқырмандарына арнап кітапхана қызметкерлері жаңа жылдың тарихы мен  мереке жайында қызықты деректерге назар аудару мақсатында «Жаңа жылдың салт – дәстүрлері», «Жаңа жыл әлемді шарлайды», «Қысқы ертегілерге саяхат» атты үш бөлімнен тұратын «Дәстүрлі Жаңа жыл» атты кең көлемді кітап көрмесін ұйымдастырды.

Шара барысында келер жылдың басты ерекшеліктері, әлем  халықтарының жаңа жылды  қарсы алу дәстүрлері жайында және Е.Ивановтың «Новый год и рождество в открытках», «Большая книга праздников народов мира», Жаңа жыл дәстүрі бойынша ас мәзірін дайындайтын «Салтанатты жаңа жыл мәзірі», «Большая книга новогодних поделок», Валюх О., А.Валюх «Ажурный и объемный квиллинг», «365 +5 Новогодних узоров» және тағы да басқа түрлі – түсті иллюстративті кітаптар, жаңа жылдық дәйек сөздер, өлеңдер оқырмандар назарына ұсынылды.

Ерекше жас бүлдіршіндерді қызықтырған әлем елдерде, соның ішінде экзотикалық түрде жаңа жылды тойлайтын Австралия халқында қар, шырша, бұғы сынды мереке атрибуттарының болмауы, ондағы Аяз Ата Сидней жағалауына су киімімен келетіні жайлы қызықты деректер мен XIX ғасырда пайда болған  шырша ойыншықтарының шығу тарихы мен жасалу жолдары, жаңа жылдық шырша жайлы мәліметтерді қызыға тыңдады.

Сондай-ақ, ертегі әлемінің кейіпкерлеріне арналған Г.Х.Андерсеннің «Снежная королева», «Ақшақар мен жеті гном», «Күл-қыз», О.Горбушиннің «Тайна Деда Мороза», «Жыл он екі ай» атты кітаптармен бүлдіршіндер танысып, үйге алып көруге бейнефильмдер ұсынылды.

Кітапхана оқырмандарын келе жатқан жаңа жылмен шын жүректен құттықтап, жаңа жылдан денсаулық, шығармашылық табыс, жаңа бақыт күтеміз.

Поделиться материалом
Яндекс.Метрика
Copyright © 2007-2019
8713646