Қазақстан Республикасының "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңына 20 жыл

21 желтоқсан 2018 жылы Өскемен қаласының Пушкин атындағы кітапхана қабырғасында «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының қабылданғанына  20 жыл толуына арналған салтанатты жиын өтті.

Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Р.Қ. Нұрмұханова, архивтер және құжаттама бөлімінің басшысы А.А. Шаитова, облыс архивтерінің басшылары,  архив ісінің ардагерлері қатысты.

Облыс басшылығы атынан Р. Қ. Нұрмұханова құттықтау сөз алды. А. А. Шаитова архившілер үшін Негізгі Заңның қабылдану тарихы туралы баяндама жасады.

«20 лет пути развития Государственного архива Восточно-Казахстанской области» атты баяндамамен ШҚОМА директорының орынбасары Е.В. Костина сөз сөйледі.

ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л. Қ. Қадырова "Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының ғылыми жұмыстарының тәжірибесінен" атты баяндамасын оқыды.

Баяндамаға слайд-шоу және "ҚЗТҚО" КММ шығарған басылымдар негізіндегі кітаптар көрмесі ұсынылды.

Архив ісін дамытуға қосқан үлесі үшін, ардагерлер мен архив қызметкерлеріне салтанатты түрде грамоталар табысталды. Көп жылдық еңбегі үшін  ҚЗТҚО мамандары М.И. Перебеева, Э.Қ. Имаканова, Л. Қ. Қадырова, М.С. Сүлейменова марапатталды.

Іс-шара соңында ардагерлер А.А. Аубакиров, И.В. Дурново, Т.Н. Павлова әріптестерін құттықтады.

 

Поделиться материалом
Яндекс.Метрика
Copyright © 2007-2019
8713632