Ашық есік шарасы 

2018 жылдың 21 желтоқсанында Ұлттық архив қоры және архивтер туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңының қабылданғанына - 20 жыл толуына  байланысты Тарбағатай аудандық мемлекеттік архивінде аудандық архив қызметкерлерімен Халыққа қызмет көрсету ортылығы қызметкерлерінің қатысуымен ашық есік шарасы өткізілді.

Архив қызметкері С.Омарғазина архив заңын түсіндіріп, архивтің құрылу тарихы аясында толықтай мағлұмат берді. Қатысушыларға архив қорында сақтауда тұрған жеке тектік қорлардың құжаттарын көруге ұсынды. Архив қорына жеке тектік құжаттарды тапсыру, тапсырылған құжат жеке тұлғаның тарихы болып сақталатыны туралы  айтылды. Шара қызықты өтті, қатысушылар өздерінің ой пікірлерімен бөлісті.

 

Поделиться материалом
Яндекс.Метрика
Copyright © 2007-2019
8869088