Ұлт көшбасшысы, Елбасы: ақпараттық хабарлама

1 желтоқсан күні Қазақстан халқы еліміздің жаңа тарихында - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күнін атап өтеді. 30 қарашада Абай кітапханасының қызметкерлері Семей қаласының технологиялық колледжінің «Аға буынға - назар және қамқорлық» атты әлеуметтік жобасының аясында «Әйелдер мен білім» қоғамдық ұйымының зейнеткерлеріне арналған  «Ұлт көшбасшысы, Елбасы» атты ақпараттық хабарламасын өткізді.

Шара қатысушылары Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаянымен, еңбек және партиялық жолымен танысты. Елбасына саясаткер ретінде, оның тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен халықаралық аренада дамуындағы рөліне баса назар аударылды. Ақпараттық хабарлама барысында ел Президентінің әуенге, әдебиетке, философия мен спортқа қызығушылығы ерекше атап өтілді. Іс-шараға қатысушылар Н.Ә. Назарбаевтың сүйікті әндерін тыңдап, «Беу Айдай» әнін және «Весна на Заречной улице» фильмінен ән шырқады.

Іс-шараны «Біздің Президентіміз» слайд-шоуы, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» бейнебаяны және «Ұлт көшбасшысы, Елбасы» атты кітап көрмесі толықтырды.

Поделиться материалом
Яндекс.Метрика
Copyright © 2007-2018
8594133