Ел және Елбасы: ақпараттық-танымдық сағаты

1 желтоқсан күні елімізде Тұңғыш Президенті күні аталып өтіледі. Осы күн қарсаңында, 30 қараша күні Абай кітапханасының қызметкерлері технологиялық колледждің студенттері үшін «Ел және Елбасы» атты ақпараттық-танымдық сағатын өткізіп, студенттерді еліміздің дамуы мен қалыптасуы жолындағы тарихи оқиғалармен, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы маңызды рөлі жайлы мол мағлұмат берді.

Іс-шара барысында студенттер Н.Ә.Назарбаевтың балалық және студенттік шағымен, еңбек және партиялық жолымен танысты. Елбасына саясаткер ретінде, оның тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен халықаралық аренада дамуындағы рөліне,  Президенттің шығармалары мен ол туралы жазылған әдебиеттерге ерекше назар аударылды.

Қатысушыларға «Біздің Президентіміз» слайд-презентациясы және «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Күні» бейнефильмі көрсетілді.

Студенттер Президент туралы, Тәуелсіз Қазақстанның тарихы туралы сұрақтар мен Тұңғыш Президентке арналған сөзжұмбақты қамтитын «Менің елім. Менің Президентім» викторинасына белсене қатысты. Ең белсенді қатысушылар сыйлық ретінде кітаптар алды. Оқырмандар назарына «Нұрсұлтан Назарбаев: Өмірбаян», «Времена и думы», «Лидер», «Қазақстан және Назарбаев: өзгерістің логикасы», «Н.Назарбаев - тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы» және т.б. кітаптар ұсынылды.

Поделиться материалом
Яндекс.Метрика
Copyright © 2007-2018
8594078