Шығыс жол шеңберін салушылар: ретроспективті іс-шара

30 қараша күні Абай атындағы кітапхана «Прииртышье» өлкетану қоғамымен бірге №6 мектеп-гимназиясында «Шығыс  жол  шеңбері»  автожолдар құрылысына арнап, ретроспективті іс-шара өткізді.

Аталмыш шара Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні қарсаңында және оның «Ұлы даланың жеті қыры» атты соңғы мақаласы аясында өтті.

Шығыс Қазақстан тарихында бүгінгі  жастарға  бейтаныс беттер өте көп, олардың бірі – Семей – Өскемен – Рудный Алтай – Түркісіб және Ертіс айлағын қосатын үлкен жол құрылысы. Шығыс жол шеңбері Семей, Өскемен және Шығыс Қазақстанның басқа да елді мекендерімен байланысты қамтамасыз ететің бірден-бір тас жол болды. Жоба байынша 11 жылда салынып, миллиондаған қаржы талап ететін жолды бүкіл халық жабылып, ұзындығы – 806 шақырым, 381 көпірі бар жолды 72 күнде ғана салып шықты.

8, 9, 10 сынып оқушылары үшін кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылып, 20 ғасырдың 30-40 жылдарында шыққан кітапханамыздың сирек қорындағы латын қарпімен және кириллицамен басылған әдебиеттер қатысушылардың көңілінен шықты. Көрмені «Шығыс жол шеңберінің» құрлысы кезінденгі құжаттар мен фотосуреттер толықтыра түсті. Оқушылардың назарына осы құрлысқа байланысты сол заманда 500 дана ғана болып шыққан «Халықтық құрылыс күші» атты плакат пен «Семей Облыстық атқару комитетінің еңбекші депутаттары Кеңесінің ерекше көзге түскен «Шығыс жол шеңбері» құрлысшыларының «Құрмет кітабы» ұсынылды. Кітапхана мамандары жол құрылысы туралы айта отырып, оқушылардың назарын құрылыстағы ұжымдық еңбек рөліне аударды.

Елбасы Жолдауына сәйкес жұмыстағы, өмірдегі ұжымдық достастық бүгінгі күні де мемлекетіміздің дамуының негізгі болып табылады. Шараға 117 адам қатысып, соңында №6 мектеп- гимназиясының басшылары іс-шараны ұйымдастырушыларды марапаттап, жүрекжарды алғысын білдірді.

Поделиться материалом
Яндекс.Метрика
Copyright © 2007-2018
8594210