Үшінші Еуразиялық кітапханалық Интернет форумы мәресіне жетті!

Биыл ол жылдың ең жарқын әрі көлемді оқиғасы – футболдан XXI әлем чемпионатына арналды және «Футбол – спорт, искусство, творчество» деп аталды. Ағымдағы жылдың 27 қарашасында ШҚ облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында «финалдық достық матч» өткізілді. Сахналанған «Форум» стадионында кітапханалық футбол топтары - «Краснодар» (Ресей), «Витебск» (Белоруссия), «Өскемен» (Қазақстан) және «Сухум» (Абхазия) кездесті.
Кездесу барысында әр топ «Жас оқырман», «Жас автор» және «Кітапханашы» атты номинациялы қарсыластарының қақпасына көбірек гол «салуға» тырысты.
Біздің топ ойын соңында жақсы нәтижеге жетті. Жеңімпаздар санатында: Амантай Айбар (2 орын, буктрейлерлер сайысы), Валерий Марилов (3 орын, әңгімелер, өлеңдер сайысы), Асель Садырбалина (3 орын, электрондық кітап-суретті көрмелер сайысы).
Біздің топты қолдауға «Алтай» ойын спорты бойынша спорт клубының балалары келді. Жанкүйерлер тобы қызықты флешмоб орындады. Қатысушыларды көлеңкелі театр техникасымен орындалған елдер мен котиненттер бойынша футбол добының саяхаты қызықтырды.
Біздің лауреаттарды құттықтаймыз және оларға шығармашылық табыс тілейміз!

Поделиться материалом
Яндекс.Метрика
Copyright © 2007-2018
8594123