Кітапханада кездесеміз: демалыс алаңы

Абай кітапханасы тұрғындардың демалыс уақытын кеңейту саласында жұмысын жалғастыруда. 4 қараша күні кітапхана қабырғасында қаламыздың коллеция жинаушыларының басқосуы өтті. Қайта құру кезеңінен бері алғашқы рет болып отырған жиында ортақ пікірлері бар ерекше қызығушылық иелері бір-бірімен танысу, әңгімелесу мүмкіндігіне ие болды. Бүгінгі күні кітапхана 60-80 жылдардан бастау алған әр түрлі заттарды жинау, яғни коллекционерлік ісінің қаламызда жас ұрпақ арасында дамуына ашық алаң болуға әзір. Қаламыздың тұрғындары әр түрлі заттарды жинау ісімен кең ауқымда айналысатыны анықталды: біреулер тиындар жинайды, біреулер фарфор, біреулер маркалар мен конверттер, айылбастар, түймелер, қуыршақтар және тағы да басқа заттар. Ерекше қызықты жинақтары жайлы өзгелергермен бөліскісі келеді. Аталған алғашқы кездесуде ұйымдастырушылық мәселесі талқыланып, әр апта сайын жексенбіде кездесіп отыруға шешім қабылданды. Бірлескен кездесу - қала тұрғындарын өз қызығушылығы аясында қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді, себебі әр жиналған заттың терең тарихы, оқиғасы бар. Пікірлестер кездесуі қала тұрғындары өмірін қызықты өткізуге, танымын кеңейтуге, білімін байытуға, оқырмандарымыз тобын молайтуға ықпал етеді. Ортақ қызығушылық кітапхана пайдаланушыларын біріктіреді, ынтымақтастырады.

Поделиться материалом
Copyright © 2007-2018
8513607