Құқық сіздің өміріңізде: құқықтық квест

Әрбір адамның өмірінде бостандығы мен құқығына қатысты біраз сұрақтар туындайды. «Диалог» клубының жастар қанатының кезекті отырысы адам өміріндегі құқық тақырыбына арналды. Отырыстың арнайы қонақтары Қазақстан жастар ақпараттық қызметінің мүшелері үш турдан тұратын квест өткізді. Квесттің бірінші турында үш команданың қатысушыларына өзендер, жайылым, орман және тау сияқты табиғи ресурстар ұсынылды, осының барлығы бір тайпаға тиесілі болу үшін жаулап алу, адам ресурстарын қолдану немесе бейбіт жолмен шешу керек болды. Әрбір тайпа өз бетінше шешім шығарды, мысалға бірінші тайпа табиғи ресурстарды жаулап алу керек десе, басқа екі тайпа бейбіт жолмен, яғни барлығы бірігіп ресурстарды тең бөлуді жөн көрді. Ең дұрысы соңғы шешім, өйткені онда заңдар медиациясы қолданылды. Квестаның екінші туры логикалық ойын түрінде өтіп, барлық команданың қатысушыларына кеңселік қағаз қыстырғыштарды қолдану арқылы, ең биік мұнара салу ұсынылды. Квесттің үшініші турында «Қолтыраун» ойыны ұсынылды, карточкаға адам бостандығы мен құқығы жайлы жазылды, әрбір командадан бір адам карточкада жазылған адам бостандығы мен құқығын қимыл-қозғалыс арқылы көрсетіп, қалғандары жұмбақты шешті. Квест адам бостандығы мен құқығын талқылаумен аяқталды.

Поделиться материалом
Copyright © 2007-2018
8513736