Абайдың заманы мен қара сөздері: танымдық сағаты

Кез-келген ұлттың мәдени мұрасы мен рухани құндылықтарын сақтау мен жетілдіруде әдебиеттің маңызы зор. Қазақ халқының мәдени және рухани өмірін дамытуда көрнекті ақын, философ, ағартушы және қоғам қайраткері Абай Құнанбаев ерекше орын алады. Өз шығармаларында ол тек қазақ халқының кем-кетігін ашып қана қоймай, отандастарын да, ағартушылық пен білімге шақырады. Бұл идея әсіресе ақынның «Қара сөздерінде» айқын көрінеді.

1 қараша күні Семейдің Геодезия және картография колледжінің 2 курс студенттері үшін «Свитанок» украин қоғамымен бірлесіп ұйымдастырылған танымдық сағат Абайдың «Қара сөздеріне» арналды. Шараға қатысушылар ақынның әлем халықтарының тілдеріне аударылған «Қара сөздерінің» аудармасымен, кітапхана қорында сақталған ақынның басылымдарымен, сонымен қатар Абаймен кітапханамыздың оқырманы ретінде танысты. Аталмыш шарада «Қара сөздердің» философиялық бағытына және біздің заманымыздағы өзектілігіне ерекше назар аударылды. Танымдық сағат «Абай – кітапхана оқырманы», «Сирек қордың жинағынан» және басқа да тақырыптық тұсаукесерлердің көрсетілімімен сүйемелденді. «Свитанок» украин қоғамының хатшысы  А.В. Михайлуца үздік деп танылған «Қара сөздер» тақырыбындағы 11-сынып оқушысы Евгения Шишкинаның шығармасынан үзінді оқыды.

Іс-шараның екінші бөлімі ойын түрінде өткізіліп, қатысушылар викторина, кроссвордтар, сұрақ-жауап сынды сайыстарға белсене қатысып, Абайдың өмірбаяны мен шығармашылығы жайында өз білімдерін ортаға салды. Іс-шара соңында белсенді қатысушыларға кітапхана атынан Абай Құнанбаевтың таңдамалы шығармалар жинағы сыйға тартылды.

Поделиться материалом
Copyright © 2007-2018
8513630