«Өмірдегі және экран алдындағы суперқаһарман» сынып сағаты

2018 жылғы 02 қарашада «Риддер тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында «№1 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 1-2 сынып оқушыларына «Өмірдегі және экран алдындағы суперқаһарман» кинолекторииі өткізілді. Іс-шараны өткізуге жауапты О.Ю. Сомова. Балаларды ерлік мамандықтарымен таныстыру сүйікті мультфильм суперқаһармандармен таныстырудан басталды. Олардың басты идеясы қоғамға қызмет ету болып табылады.

Қандай мамандықтар ерлік мамандықтарына жатады? Қауіп-қатер мен жауапкершілік кездесетін, азаматтардың өмірі мен денсаулықтарына бағытталған – бұл әскери мамандықтар, сондай-ақ құтқарушылар, өрт сөндірушілер, дәрігерлер, ұстаздар, милиционерлер, шахтерлар және басқалар. Әңгіме тұсаукесер және бейнематериалдармен сүйемелденген.

Поделиться материалом
Copyright © 2007-2018
8513779