«Естелік парақтарын аша отырып…» кинолекторииі 

2018 жылғы 01 қарашада Д.А. Қонаев атындағы «№3 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 7-9 сынып оқушыларына «Естелік парақтарын аша отырып» атты кинолекторииі өткізілді.

Бір кезде, Риддер қаласының мәдениет орталығы саласында әйгілі болған 10-шы Қазан мерейтойы атындағы Клубы бүгінгі күні жоқ. Қала тарихы бойынша фототүсірілімдердің көп санын жинаған «Парк цветников» фильмінің авторы Ю.П.Болденковтың арқасында өлкенің мәдениетін дамытуда Клубтың көркем ұжымдарының қосқан үлкен еңбектері туралы танып, естеріне түсірді.

Клуб қызметі кезінде мыңдаған жастар кештері, балалар және жаңа жылдық таңертеңгіліктер, киносеанстарға тұрғындар келетін. Барлық басты оқиғалар оның сахнасында өткен: пионерияға және комсомолға қабылдану, өндіріс озаттарының слеттары, майданға шығарып салу және жеңімпаз-батырлардың кездесулері... Осылардың барлығы-Риддер тарихының бір парағы.

 

Поделиться материалом
Copyright © 2007-2018
8513682