Қазақстанның алғашқы өрт сөндіру күзеті тарихынан: өлкетану қонақжайы

28 қазан күні Абай кітапханасында өлкетану қонақжайының кезекті отырысы, Қазақстандағы алғашқы өрт сөндіру қызметінің пайда болу тарихына арналды. 18-19 ғасырларда әкімшілік орталығы болған Семей қаласында Қазақстан бойынша бірінші футбол командасы, бірінші кітапхана, алғашқы өрт сөндіру күзеті құрылды. Қонақжай қонақтарын өрт сөндіру күзеті мұражайының іргесін қалаушы Наталья Владимировна Рыкова Семейде өрт сөндіру ісінің даму тарихымен таныстырып өтті. Наталья Владимировна мұрағаттардан табылған құжаттар бойынша, алғашқы ерікті өрт сөндіру командасы 1790 жылы құрылып, ол шекараны күзетуден басқа өрт қауіпсіздігін бақылау міндетіне ауыстырылған казактардан тұрғандығы жайлы ақпаратпен бөлісті. Әңгіме барысында өрт сөндірушілер қызметінің техникасы мен киім-кешектерінің де қалай өзгергендін айтып, оған дәлел ретіңде фотосуреттерін де көрсетіп өтті. Тыңдаушылар тарихтағы көп айтылмайтын фактілермен танысып, біздің өрт сөндіру бөлімінің қазіргі замандағы батырларының есімдерін білді, олардың жұмыстағы мақсаты – адамдарды өрттен құтқару. Шара қонақтары 2003 жылы археологиялық қазба жұмыстары кезіңде табылған, Ескі бекіністе болған өрт кезінде балқытылып кеткен тиындарды ұстап көру құрметіне ие болды.

Қатысушыларға өрт күзетінің тарихы бойынша қызықты сұрақтар қойылып, шағын викторина өткізілді. Сұрақтарға дұрыс жауап берген қатысушыларға біздің қаланың аумағында табылған көне монеталар – сыйлыққа берілді.

Мәдени шараны кітапхана қызметкері осы отырысқа арнайы ұйымдастырылған көрмеге жасалған шолу толықтыра түсті. Көрмеге 1926 жылдан қазіргі уақытқа дейінгі шыққан кітаптар қойылды. Кітап арасында Рыковтар отбасының отбасылық жәдігері - Өрт сөндіру қызметінде жұмыс істеген Александр Николаевич Рыковтың атасы пайдаланған кітап пен Шығыс Қазақстан облысының өрт сөндірушілеріне арналған «Идущие на огонь» кітабы, оны жазуға Наталья Владимировна редактор ретінде қатысқан болатын, ал үшінші кітап - бұл Тәуелсіз мемлекеттер достастығы аумағындағы жалғыз мектеп оқушыларына арналған өрт сөндіру қызметі бойынша әдістемелік құрал қатысушылардын үлкен қызығушылығын тудырды.

Рыковтар жанұясының коллекциясынан құрастырылған көрме Наталья Владимировнаның әңгімесінің шекарасын кеңейтуге мүмкіндік берді. Өйткені онда: белгішелер, маркалар, кітаптар, «Неопалимая Купина» Тұщы Богородицаның көне иконасы қойылды, ол икона тұрғын үйді өрттен қорғаушысы және өрт сөндірушілердің қамқоршысы болып саналады екен. Көрмеден орын алған өрт сөндірушілер каскалары қалалықтардың қызығушылығын тудырып, солармен фотосуретке түсулеріне мүмкіншілік тудырды.

Осындай әсерлі кездесу Светлана Зубкованың орындауындағы әнмен өз мәресіне жетті.

 

Поделиться материалом
Copyright © 2007-2018
8513768