Кітапхана – руханияттың кәусар бұлағы: бейресми әңгімелесу

28 қазан күні Абай кітапханасында «Кітапхана – руханияттың кәусәр бұлағы» тақырыбында кездесу өтті. Қаламыздың танымал тұлғаларымен қала тұрғындарын таныстыру мақсатында кітапхана қызметкерлері Қазақстанның Жастар ақпараттық орталығымен бірлесе отырып қызықты кездесу ұйымдастырды. Осы шараға «тірі кітап» ретіңде журналист, футбол шолушысы Станислав Сарсеков пен халықаралық сұлулар сайысына қатысушы, Семей мемлекеттік Шәкәрім университетінің өзін-өзі басқару ұйымының төрайымы – Алуа Әзілханова шақырылды. Журналист Станислав Сарсеков шара қонақтарына өзінің хоббиі футбол мен хоккейдің қалай өмірінің мәніне айналғандығы жайлы айтып, қатысушылардың арасындағы спорт сүйер қауыммен үлкен әңгіме дүкен құрып, қызықты қарым-қатынас орната білді.

Ал Алуа болса өзі Қазақстан атынан қатысқан, Малайзия, Египет және Онтүстік Кореяда өткен үш сайыс, соның бірінде алдыңғы үштікке енген ең мықты қатысушылар мен сайыс туралы қызықты ақпараттарымен бөлісіп, өзінің өскен ортасы мен достары, өмірлік ұстанымдары жайлы әңгіме өрбітті.

Қатысушылар тек қана әңгіме тыңдап қоймай, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өз пікірлерімен бөлісіп, еркін қарым-қатынастағы шығармашылық жағдайдағы кездесу болды. Мәдени шараға қатысушылар өз алғыстарын білдіріп, тамаша көңіл-күймен тарқасты.

 

Поделиться материалом
Copyright © 2007-2018
8513717