Тұсаукесер — заманауи әлемдегі балалар әдебиеті

Бүгін 5 қазан күні сағат 10.00-де Пушкин атындағы  кітапханада балалар мен жасөспірімдерге арналған «Я и мои окрестности: Память. Образ. Будущее» атты жаңа кітаптар көрмесі ашылды. Көрме-презентация «Ресей-Қазақстан. Шексіз оқулар - 2018» халықаралық жобасы аясында өтетін «Детское чтение и детская книга в современном диалоге культур» кәсіби диалогтар циклінің бастамасы болып табылады. «Детское время», «Розовый жираф», «Самокат», «Речь», «Поляндрия», «Белая ворона», «Компас Гид» тәрізді Ресейдің жетекші Балалар кітабы үйі / Баспаларында жарық көрген үздік балалар басылымдарымен Жоба авторы әрі үйлестірушісі, Ресей Федерациясы Ленинград облыстық балалар кітапханасының жетекші маманы Степанова Людмила Валентиновна таныстырды. Биылғы жылы Жоба сыйға тартқан топтама жас оқырман мен олардың ата-анасының жүрегін жаулаған заманауи танымал балалар авторларының кітаптарынан құралған. Олар - Еуропада қазіргі таңда өзіндік еркшелігімен көзге түскен ең соны авторлар мен суретшілердің бірі Марио Рамосаның картина-кітаптары. Джулия Дональдсонның тілі ойнақы, көркем, айқын да әсерлі ертегілері. Ирина Токмакованың жайлы, әрі мейіріммен шуақ шашқан балаларға арналған кітаптары. Артур Гиваргизов пен Виктория Ледерманның әзіл-оспақ, қызыққа толы мектеп өмірінен алынған күлдіргі оқиғалары. Нина Дашевскаяның адал, шынайы көңілмен жазылған жасөспірімдер прозасы, сондай-ақ, Алматыдан келген отандасымыз жас балалар жазушысы Аделя Амраеваның шынайы әңгімелері... Көрме-презентацияның құрметті қонағы - «Волкодав», «Валькирия», «Поединок со Змеем» тәрізді бестселлерлер авторы Семенова Мария Васильевна. Мария Васильевна оқырман аудиториясын «Братья» атты «славяндық фэнтези» стилінде жазылған жаңа кітабымен таныстырды. Баршаңызды балалар әдебиеті саласындағы жылдың басты жаңалығымен танысуға шақырамыз . Өзіңіз және балаңыз үшін әсерлі сюжетімен, ғажайып суреттерімен және боямасыз, шынайы кейіпкерлерімен оқырман көңілінен орын алған заманауи Андерсендер әлемін ашыңыз!

Поделиться материалом
Copyright © 2007-2018
8448035